–1 дауыс
Қазіргі кезде, бала орыс класына барғаны дұрыс па? Қазақ сыныбына барғаны дұрыс па?
04.08.2015 2.7k қаралым
Қазақ тілінде сөйлей алмай тұрса ол мүсәпі емей немене

5 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қазақ, орыс сыныптары дейсіңдер. Бала ол тілді мұқият өздестіре алмаса ағылшын сыныбына барса да пайдасы жоқ. Оны балабақшадан қайсы тілде еркін сөйлей алса сол тілдегі сыныпқа беру керек. Алайда қазақ тілді сыныпқа орыс тілі, орыс тілді сыныпқа қазақ тілі міндетті түрде өтіледі ғо. Оған ешқандай бас қатырудың қажеті жоқ. Бастысы баланы ойлау керек.
04.08.2015
ООО !!! Міне нақты жауап, сол баланы ойлап отырмыз бәріміз, оқу жақындап қалды.

Сендер де биыл мектепке баратын балаларыңды , іні-қарындастарыңды ойлаңдар!!!
0 дауыс
Сен қазақстанда тұрмайсың ба қазақ сыныбына барған дұрыс!
04.08.2015
Қазақстанда орысша жақсы білмесең көтеріле алмайсың, даже өз ауылыңа да әкім бола алмайсың, оны өзің де жақсы білесің ғой.
Сонда сен қазақ емессіңба
Сен орысша білмейсің, сосын айта бересің. Егер сен орысша білетін болсаң көп нәрселерді білер едің. Содан ғой сен дұрыс жауап бере алмауыңның себебі.

Мынауың не жауап,  бас десем ,құлақ деп отырсың. Маңызы бар жауабың болса соны жаз дәлеліңмен.
Қанымды ішпеш Мен орыстарды жек көрем тілінде жек көр ем
0 дауыс
Қазақ сыныбына барған жөн. Орысша ,ағылшынша былай күнделікті өмірде де үйреніп алуға болады.
04.08.2015
Орысша сайрап тұрғанмен,өз ана тіліңде шорқақтап 2 сөздің басын қосып жаза алмасаң  қазақ болғаныңнан не пайда!?
Тоғжан сен қай облыстан боласың?
Қостанай
А,сендерге қазақ класында оқыған дұрыс и так орыстанып кеткен ғой ол жақ. Ал біздің Шымкент жақта орыстың өзі орысшасын ұмытып барады. Орыс класында оқыған қазақтар да орысшаны ұмытып барады, күніге сөйлеспеген соң. Қазақшаны 100 пайыз жақсы білеміз.
Не мынау орыстанып кеткен деп қорлап! Бізде орыс сыныбында 10-15 бала оқып бітіреді ары кетсе
Бұл қорлағаным емес, кешіріп қой.  Аз ғой 10-15 бала деген .Бізде аудан орталығында бір ауылда 6 мектеп бар  ең үлкен екеуі толық орыс мектебі ғой 3700 бала оқиды сол екі орыс мектепте, басқалары төртеуі қазақ мектептері ғой.
Бұл жəй бір сыныпты айтамын 11 бітіретін. Қазақ сыныптары əр мектептен 30-40 бала боп бітіреді. Жалпы мен тұратын қалада 11 мектеп бар сол шамалас бала оқиды.
0 дауыс

Қазақ болса қазқ сыныбына баруы керек

Егер ОРЫС болса, орыс сыныбына

 

04.08.2015
0 дауыс

Орыс сыныбында орыс мұғалімдер ұлтшыл келеді.Олар қазақ балаларды шеттетеді,біліп тұрған нарсесін білмейсін дейді,ұрсады айқайлайды.Сосын бала қорқақ болып қалады,тәртіпсіз болады.Дұрысы қазақ мектепке берген.Болашақта барлық жерде қазақ тілі болады.

13.11.2016

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы