0 дауыс
9.1k көрілді
Нетикет деген не? Интернеттегі ережелер не үшін керек?

3 жауап

0 дауыс


1994 жылы интернетте «Netiquette» атты кітап пайда болды. Бұл кітапта нетикеттің негізгі 10 ережесі жинақталған. Netiquette - (англ. Net - желі   Etiquette - этикет) - ғаламторда өнегелі мінез-құлықты ұстана білу ережелері. Википедияға жүгінсек, әлеуметтік желідегі этике́т, яғни нетикет - мінез-құлық тәртібі - бұл интернет пайдаланушыларының басым көпшілігі қолданатын желідегі дәстүрлер мен мәдениет. Бұл ұғым өткен ғасырдың 80-ші жылдары FIDO желісінде (1990-шы жылдары танымал болған халықаралық желі) пайда болды.

Нетикеттің мақсаты ғаламтор арқылы тілдесуді жеңілдетуге негізделгендіктен, мұндай ережелер ғаламторда сол топтың, қауымдастықтық т.б. негізгі мақсаттарына, тілдесу стиліне, техникалық мүмкіндіктеріне т.б. байланысты белгіленуі мүмкін. Әлеуметтік желіде этикеттің бұзылуы ретінде көбіне адамның жеке басына тиісу, тақырыптан әдейі ауытқу, орынсыз жерлерге өзінің өнімі, қызметі т.б. туралы жарнамасын тықпалау тәрізді қарастырылады. Сондай-ақ жалған ақпар жариялау мен біреуге жала жабу, плагиат да этикеттің бұзылуына жатады. Кей жағдайда белгілі бір топта болған адамдар басқа топқа тіркелгенде абайсызда ол топтың ережелерін бұзуы мүмкін. Сондықтан барлық интернет қауымдастықтардағы ережелермен танысу және оған тіркелу үшін сол ережелермен келісу міндетті болып саналады. Міне, нетикеттің негізгі ережелері осы аталған жайттарға негізделеді.

http://www.inform.kz/kaz/article/2800475

http://kerekinfo.kz/blog/16226.html
0 дауыс
нет этикет > нет+икет > нетикет

қазақшасын да қысқартып көрелік:
1) желі әдеп > ж+әдеп > жәдеп
2) желі әдеп > жел+еп > желеп
3) желі әдеп > жел+әдеп > желәдеп

қайсы жақсы?
0 дауыс
Сетевой этикет — Википедия
...