0 дауыс
8.7k көрілді
Аяқтағы жағымсыз иістің пайда болу себептері және қалай құтыламын?

4 жауап

0 дауыс

Өзге адамның аяқ киімін кию және де аяқ киімнің сапасының төмен болуынан пайда болады.

Гигиена ережелерін ұстансаңыз да, аяқ киіміңізден жағымсыз иіс шыға ма? Одан құтылудың жолын бірге іздейік.

Біріншіден, жағымсыз иістің пайда болу себептерін анықтайық.

Аяқ киімнен жағымсыз иіс шығудың бірнеше басты себептері бола алады.
Жасанды материалдардан тігілген аяқ киім жағымсыз иістерді көбірек шығарады. Бұл оның материалдарына байланысты болады.
Ыстық ауа-райы аяқ киімдегі бактериялардың дамуына жол беріп, соған байланысты иістің де қаттырақ сезілуіне өз септігін тигізеді. 
Физикалық жаттығулар, ауыр жұмыс тері бездерінің жұмысын белсендірек етіп, аяқты қаттырақ терлетеді, иіс те жағымсыз болады.
Тамақпен бірге адам ағзасына түсетін түрлі дәмдеуіштер терінің иісі мен аяқтан шығатын иіске өз әсерін бере алады екен.
Ал ең жағымсыз деген иіс ағзасында улы заттар, қалдықтар бар адамның аяғынан шығады. Мұндай иіс темекі шегетін адамдардан байқалады.

Профилактика

Кім болса да аяғынан, аяқ киімінен жағымсыз иістің шығуынан сақтанғысы келеді. Ол үшін профилактикалық шараларды қолға алған дұрыс. 

Ең бірінші ағзаны тазартып, улы заттар мен қоқыстарды шығару керек. Ол үшін тамақтануыңыз бен гигиенаны ретке келтіру керек. Аяқ киімді де киіміңіз сияқты жиі жуып тұру қажет. Жағымсыз иіс аяқ киімге сіңіп кетпеуі үшін дезинфекциялайтын арнайы сұйықтықпен сүрткен дұрыс. Сондай-ақ табиғи маталар синтетикаға қарағанда жағымсыз иістер шығармайды. Сондықтан табиғи маталардан тігілген шұлық, ұлтарақтар таңдаңыз. Аяқ киімді таңдағанда да табиғи былғарыдан жасалынған түрлерін алғаныңыз жөн. Керісінше жағдайда аяғыңыз «дем алмайды». Ал табиғи былғары ауаны өткізіп, аяқтың терлеуіне мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ алып жатқан аяқ киіміңіз тым тар болмауын қадағалаңыз. Шұлықтарыңызды күн сайын ауыстырып, уақытында жуып тұрыңыз.

Аяқ киімге жағымсыз иіс сіңіп үлгерді. Не істеймін?

Әрине көбіміз профилактика жайлы ойламай, аяқ киім сасып тұрғанда ғана мәселеге көңіл аударамыз. Қонаққа барғанда аяқ киім шешуден ұялмас үшін, аяқтарымыз бен аяқ киімдерімізді өңдеп, жағымсыз иістен арылайық.

Аяқ киімге:

Біріншіден, аяқ киімді жақсылап сабынмен жуып алған жөн. Ұлтарағы мен бауларын бөлек кірін кетіріп жуыңыз. 
Иіс кетпеген жағдайда аяқ киімнің ішкі жағын сірке суы не сутегі тотығы малынған мақтамен сүртіп шығыңыз. Дауаны бірнеше рет қайталауға болады. 
Иіс тым сіңіп кеткен аяқ киімнің ұлтарағын ауыстыруға болады. Жаңа ұлтарақтың ауа өткізу қабілеті де жақсы болмақ, демек бұл да аяқ киімнен жаман иіс шығудан сақтайды.
Аяқ киім ылғал болып қалған жағдайда (судан, жаңбырдан, тіпті терлегеннен) оны міндетті түрде кептіріп алу керек. Бактериялар ылғал жерлерді мекендейтінін естеріңізге салсақ, ылғал аяқ киімде аяғыңызда түрлі бактериялар дамып, аяқ терісінің ауруларына әкеле алады.
Жаман иісті кетіретін тағы да бір тәсіл: түнде аяқ киімнің ішіне белсендірілген көмір дәрісін немесе ас содасын сеуіп қойыңыз. Бұл заттар жағымсыз иісті сіңіріп алу қасиеттеріне ие. 
Заманауи медицина аяқ киімнің ішіне шашуға болатын арнайы дезодоранттар ұсынуда. Оларды арнайы дүкендерден не дәріханадан алған дұрыс. 

Аяққа:

Аяқты жуу жағымсыз иісті кетіреді, бірақ бұл аурудың себебі емес, салдарынан ғана арылтады. Аяқтың аса терлеуін басу үшін аяқты емен қабығының қайнатпасы қосылған суға салып жүріңіз. Сондай-ақ, теңіз тұзын қолдануға болады. Аяқты осындай ерітіндіде шайған кезде қырғыш көмегімен қатып қалған теріні алып отыру керек. Аяқты шайып болғаннан кейін оны марганцовка ерітіндісіне малынған мақтамен сүртіп шыққан абзал.

Аяқта түрлі жаралар, тері аурулары пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

0 дауыс
Ең дұрысы, кәдімгі қалыңдығы 5 милиметрлік қатты сары таза былғарыны кесіп аяқ-киіміңнің ішіне төсеп ал. Аяғыңдағы иіс кетеді,мүлдем ұмытасың оны, өйткені таза былғары аяғыңды терлетпейді, жазда табаннан ыстық өтпейді, қыста аяз өтпейді, бір қалыпты, аяғың демалып тұрады одан. Осыны істе, өкінбейсің, рахметіңді айтасың маған.

Аяқтың терлеп сасуы ол синтетикалық материялдан. Бұрын СССР кезінде бәрі таза былғары киген кезде аяқ сасуды, терлеуді білмейтін едік. Табаныңда таза былғары болмаса сасығаны-сасыған, оған ештеңе де көмектесе алмайды!
0 дауыс
Кожа емес аяқ киім кисең болады ондай,

Күніне аяқты, нәскиді жуа берсең кетеді
0 дауыс

Аяқ өте көп қимыл-қозғалыстан терлейді. Мысалы, күн сайын аяғыңнан тік тұрып, қызмет етсең немесе күні бойы жаяу жүрсең, табаныңдағы бұлшық еттер қызу жұмыс істейді, қызады. Салқындау үшін терлейді.

Негізі, тердің 98%-і су, ал суда иіс жоқ. Қалған 2%-і тұз, микроэлементтер, қышқылдар, холестерин, гормондардан тұрады. Олардың да иісі болмайды. Сонда аяқтағы иіс қайдан шығады? Ол тері мен киімде болатын бактериялардың кесірінен пайда болады. Аяқ терлеген сайын бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдай туады. Бактерия көбейсе, иіс те аңқи түседі.

Сонымен, бұл иісті қалай кетіреміз?

1) Аяқты жуу керек!

Иә, қарапайым кеңес. Иә, бәрі білетін тәсіл. Бірақ аяқтағы иістен құтылу үшін оны аз дегенде күніне бір рет жуу керек. Тіпті үйден шықпасаң да, аяғың таза болса да, сумен ғана емес, сабынмен жу. Сосын таза сүлгімен құрғатып сүрту керек. Ылғал – бактерияның мекені.

Кепкен соң аяққа арналған тальк немесе иіске қарсы аэрозоль сеуіп қой. Олардың антибактериалдық қасиеті бар. Бактериядан құтылсаң, иіс те кетеді.

2) Шұлықты жиі ауыстыру

Аяқ терлеген сайын шұлықты ауыстырып отыру керек. Сонда ылғал аз болады. Шұлық алғанда оның таза мақтадан болғанын ескер. Олар синтетикаға қарағанда тез тозады, бір-екі жуған соң, өңі кетеді. Есесіне аяғың аз терлейтін болады.

3) Аяқ киімді дұрыс таңдау

Аяғыңды күнде жуып, шұлықты жиі ауыстырсаң да, иістен құтыла алмасаң, мәселе аяқ киімде деген сөз. Ол таза былғарыдан болғаны жөн. Әрине, қазір ондай аяқ киімдер қымбат тұрады, бірақ жасанды теріден жасалған бірнеше аяқ киімнің орнына сапалы біреуін алсаң, иіс мәселесін шешер едің. Себебі аяқ киіміңе сіңген иістен құтыла алмайсың! Тіпті арнайы дезодоранттардың да көмегі шамалы. Ұлтарағын ауыстыру да тиімсіз. Сондықтан жаңа аяқ киім алғанда ішіне иіс сіңіп қалмауын қатты қадағалау керек. Ол қалай? Мысалы, жаңа туфли сатып алдың. Ұнап кеткені соншалық, дүкеннен шықпай тұрып, аяғыңа киіп аласың да, кете бересің. Аяғыңды жумастан, шұлықты ауыстырмастан. Бұл дұрыс емес. Тағы бір мысал: аяғыңды жуған соң, үйге киетін аяқ киіміңді киіп аласың. Оның да ішінде иіс бар. Жуғаннан пайда болмайды. Бұның бәрі жаңа аяқ киімді де “құртады”.

4) Аяқ киімді желдетіп тұру

Үйге келген соң туфлидің ішін бірінші ылғал шүберекпен, кейін құрғақ шүберекпен сүртіп, бауын, сырмасын ашып қою керек. Мүмкіндік болса, аяқ киімді 2-3 күн осы күйінде қалдырған жөн. Сонда иіс те кете түседі.

Аяқ киімді батареяда кептіргеннен, ішіне қағаз толтырып қойған тиімді. Ол барлық ылғалды сорып алады. Сонымен бірге аяқ киім кептіруге арнаған арнайы құралдарды қолдан.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 5.01.2023 Тазалық сұрақ қойды
+1 дауыс
1 жауап
...