0 дауыс
6.0k көрілді
Өмір көрген адамдарға қойылған сұрақ.

8 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
мынаны бір газеттерден көріп жазып алып едім. біраз нақыл сөздер, керек десеңдер өмірдің ережелері деп те біліңіздер.

- кеш оянып, кеш кеш тұрсаң - бір күнің зая
- қатеңді мойындамасаң, қайта қате жасайсың
- терең өзеннің суы сабырлы
- баланы надан өсіргеніңнен қабан өсіргенің пайдалы
- аңырап отырғаннан ақырын сырғи берген артық
- жел ұшырып әкеткенше мамық өзін жеңілмін демейді
- қайық ұрлағанды құрлықтан іздеме
- қойнына кірген құсты мерген де атпайды
- сүрінерсің құларсың, сүйенерсің тұрарсың
- жүз жұлдызды қоссаң да ай болмайды
- жеңілістің де жеңісі болатын кезі болады
- екеу болсаң, бір біріңмен кеңес, біреу болсаң бөркіңмен кеңес
- көп ойлаған табар, көп үрлеген жағар
- айдың бетінде де дақ бар
- ля ля ля әлі көп жазуға ерініп отырмын
+3 дауыс
Біреуге қиянат, жамандық жасамау
Айналаңа әр уақыт қамқор, көмегіңді беріп тұру
және т б
+3 дауыс
Адам сияқты адал өмір сүру......................................... .
+4 дауыс
Көпті көрмедім, осы жасқа дейін көрген білгенімде менде жазайын. Ең бірінші ешкімге сенуге болмайды екен бұ фәниде. Барынша қарапайым, сабыр керек және махаббатта әлсіз болмау қажет. Жүзіннен күлкі кетпей нұрлы жүзінмен айналандағыларды бақытқа кенелтсен. Шіркін қандай бақыт! Күлкімен де қатып қалған жүректі жібітуге де болады екен. Мейірімді болайық.
+1 дауыс
Болған жағдайлардың ешқайсысын жүрегіңе жақын алмау керек екен! Қолыңды бір сілтеп, есіңнен шығара салу керек.
мен олай істей алмайтын сияқтымын
Тіпті таныс емес адамнан ауыр сөз естісем уайымдап кетем,не үшін, не кінам бар деп.Бір ауыр сөз менің бір күндік көңіл күйімді бұза алады.Қолымнан келмейді....
Мен де солай болдым, кейін түкке тұрғысыз адамдар үшін неменеге жүйкемді құрта берем деп ойландым. Ал, туған-туыстарым сөйлегенде бұрын кәдімгідей ренжіп қалушы ем, қазір неге олай айтқанын ойланамын, сосын айтқандары жөн болса, қатемді түзетуге тырысамын! Сынды көтере білу керек екен ғой, деп)
+1 дауыс
1.Еңкейге,еңкей
Ол әкеңнің құлы емес
Шалқайғанға,шалқай
Пайғамбардың ұлы емес
2.Сыйлағанның құлы бол
3.Жаман адам болмайды,ең жаман деген адамның да бір жақсылығы бар
0 дауыс
Иа, өмірде неше түрлі нәрсе болады соның бәрін көңілге ала бермеу керек .
0 дауыс
http://www.kstu.kz/
...