+3 дауыс
2.1k көрілді

Баланың 11 жыл оқыған білімін 3 сағат ішінде тексеріп шығаратын ҰБТ деген сынақтан сүрінген кейбір оқушылар өздерін өмірден жолы болмаған адам ретінде қабылдап та жатады. Жаңалықтарды оқып отырсам, осы үшін өзіне қол салатын, депрессияға түсетін оқушылар да айтарлықтай көп екен. "Алтын белгі", "Қызыл аттестат" иегерлерін, жоғары ұпай жинаған оқушыларды құттықтауды ұмыт қалдырмаймыз . Бірақ оза шапқанды қолпаштайтын қол кенже қалғанның кекілінен сипауды да білуі керек сияқты. Ойдағыдай ұпай ала алмағаны үшін өмірлік ұпайын ұттырғандай болып жасып жүрген аға-әпке, іні-қарындас, құрбы-құрдастарыңызға қандай жұбату сөз айтқыңыз келеді?  Оларды қалай жігерлендірер едіңіз?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
ӨМІРІҢ ОСЫМЕН ТОҚТАП ҚАЛМАЙДЫ! Менде 2014ж ҰБТ тапсырыдым, максимум дегенде 110 балл жинап жүргем,, мед.универге түсем деген арманым болатын. Бірақ төмен балл алып, яғни 92  балл алдым. Жүрміз ғой аман-есен. Әрине көпке дейін жынып қайнап, уайымдап жүргем, ата-анам менің демеушім болды.
+2 дауыс
Асыл арна сайтында жазылған мына жігіттің жазғанын оқып шығып, сіздерге ұсынуды жөн көрдім.

   " Жас түлек, ҰБТ деген мына қамшының сабындай қысқа ғұмырда өмірдің тоқтауына себеп болатын қасиетті сынақ емес. ҰБТ – жай ғана бір баспалдақ. Өтсеңіз, жақсы, өтпесеңіз, ешкім сізді өмірден сызып тастамайды. Жыл сайын Қазақстанда 100 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді, мәселен, былтыр оның 92 077-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берді, оның ішінде тек 30-40 мыңы ғана грантты жеңіп алды. Сіздіңше, қалған оқушылардың бәрі өлді ме? Олардың өмірі тоқтап қала ма? Жоқ. Олар дәл қазіргідей екі аяқ, екі қолмен өмір сүре береді және грантқа түскендерден мың есе бақытты бола алады.  Сіз ел секілді 100-120 балл жинай алмасаңыз, кінәлі емессіз. Бұл – тағдыр. Қайырлысы солай болып тұр. Оның артында сөзсіз бір жақсылық бар. Ол жай ғана балл, сан ғой. Аяғыңыз немесе қолыңыз жоқ болса, көзіңіз көрмесе, құлағыңыз естімесе не істер едіңіз? Ата-анаңыз, бауырларыңыз жоқ болса қалай болмақ? Қажетті балыңызды жинай алмасаңыз да, сіз миллиондаған адамдардан әлдеқайда бақыттысыз. Осыны ұмытпаңызшы..."
Аңсар Әли.
+2 дауыс
ҰБТ деген стрес. Балаларды құртқан ҰБТдан нашар жинасаң құлайсың, кедей боласың деп. ҰБТдан 120 асырып жатқандар бай болып кеткенді көрмеппін.
+1 дауыс
Оған өзің кінәлісің, оқымаған Бірақ әлемдегі ең бай миллиардер Бил Гейц те мектепте дұрыс оқымаған екен.Мектептің білімі ештеңе де шешпейді бәрі өте қарапайым сұрақтар ғой.Ақылы ЖОО ға барып түсуге болады ғой сол жерде көрсет біліміңді,жақсы оқысаң өздері сені гранқа ауыстырады ғой,менің қарындасым грандка түсе алмай , ақылы ЖОО да бір жыл үздік оқып,екінші жылдан бастап грантқа ауыстырылды,4 жыл оқып қызыл дипломын алып,адал білімін өз күшімен дәлелдеді .Ал тәуекел! Құласаң нардан құла деген ғой. Тағы бір айтарым жолдастарымның бәрінде 2-3 ЖОО дипломдары жатыр үйлерінде.өздері жұмыс істегілері келмей қалған, кезінде әбден оқуға ұмтылған солар еді,жұмысқа қабілеттері болмай шықты. Бақ деген тура поез секілді, біреуге ерте келіп ерте кетеді,ал біреуге кеш келеді.Ештен кеш жақсы, сабыр түбі сары алтын, сендердің поездарың келе жатыр жолда күте тұрыңдар ! Өмірде ең бастысы адал болсаң болды, бәрі жақсы болады.
+1 дауыс
Сабырлық танытқан адамға Аллаһтың тартуы бар.
...