0 дауыс
587 көрілді
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім? Кездесу қашан болып өтеді? Қай жерде?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

 

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Давид Лемьеге 17 қазанда қарсы шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Twitter желісінде Головкиннің өзі хабарлап отыр. Батыстың ақпарат құралдары "мега және ұлы жекпе-жек" деп отырған кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өтеді, оны HBO телеарнасы таратады.

 

Геннадий Головкин - Давид Лемье кездесуінің афишасы

Жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин 33 рет жеңіске қол жеткізді, оның 30-ы нокаутпен аяқталды, ал Давид Лемьенің қоржынында 34 жеңіс, оның ішінде 31-і нокаутпен және екі жеңілісі бар. Массагет.кз

 

 

0 дауыс
Геннадий Головкин келесі қарсыласы  IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Давид Лемье

–2 дауыс
Қанат Ислам болуы мүмкін.
...