+1 дауыс
1.5k көрілді

Геннадий головкин ендігі кездесуін қашан өткізеді және қай елде болады? Айта кетерлік соңғы рет Осуману Адамамен шығып техникалық нокаутпен ұтқан Ендігі қарсыласы кім?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өз клиентінің кешегі кездесуде ганалық Осумана Адамадан басым түскенінен кейін алдағы өткізетін жекпе-жегінде кездесуі мүмкін қарсыластардың есімін атады. Бұл жөнінде ESPN сайты хабарлайды.

Головкиннің 2014 жылға жоспарлаған екінші кездесуі 26 сәуір күні Нью-Йорктің (АҚШ)  Madison Square Garden кешенінде өтеді деп күтілуде. Бұл бокс кешін америкалық көрермендерге НВО телеарнасы ұсынатын болады. Қазақстандық үшін бұл кездесу кәсіпқой рингтегі 30-шы болып саналады.

Леффлердің сөзінше, Генаның болашақ қарсыластары ішінде аустралиялық Даниэл Гил, ирландиялық Энди Ли және америкалық Джеймс Киркланд бар. Осыған дейін олардың қатарында Серхио Мартинес, Андре Уорд және Адонис Стивенсондар болған еді.  

Ал Головкиннің өзі болса, Адамадан басым түскеннен кейін (29 кездесудегі 29-шы жеңісі) бірінші кезекте орта салмақта кім мықты екендігін анықтау үшін WBC чемпионы Мартинеспен кездескісі келетіндігін ашық айтқан болатын. Аргентиналық Серхио Мартинес биылғы жылдағы алғашқы кездесуін 7 маусым күні пуэрторикалық Мигель Коттоға қарсы өткізбек.   

Айта кету керек, 2013 жылы Головкин Madison Square Garden аренасында екі рет жұдырықтасып, алғашқысында Габриэля Росадодан басым түссе (техникалық нокаут), екінші бір кездесуінде Кертис Стивенсті де техникалық нокаутпен жеңді.

Ақпарат осы сайттан алынды.

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өз клиентінің кешегі кездесуде ганалық Осумана Адамадан басым түскенінен кейін алдағы өткізетін жекпе-жегінде кездесуі мүмкін қарсыластардың есімін атады. Бұл жөнінде ESPN сайты хабарлайды. Головкиннің 2014 жылға жоспарлаған екінші кездесуі 26 сәуір күні Нью-Йорктің (АҚШ) Madison Square Garden кешенінде өтеді деп күтілуде. Бұл бокс кешін америкалық көрермендерге НВО телеарнасы ұсынатын болады. Қазақстандық үшін бұл кездесу кәсіпқой рингтегі 30-шы болып саналады. Леффлердің сөзінше, Генаның болашақ қарсыластары ішінде аустралиялық Даниэл Гил, ирландиялық Энди Ли және америкалық Джеймс Киркланд бар. Осыған дейін олардың қатарында Серхио Мартинес, Андре Уорд және Адонис Стивенсондар болған еді. Ал Головкиннің өзі болса, Адамадан басым түскеннен кейін (29 кездесудегі 29-шы жеңісі) бірінші кезекте орта салмақта кім мықты екендігін анықтау үшін WBC чемпионы Мартинеспен кездескісі келетіндігін ашық айтқан болатын. Аргентиналық Серхио Мартинес биылғы жылдағы алғашқы кездесуін 7 маусым күні пуэрторикалық Мигель Коттоға қарсы өткізбек. Айта кету керек, 2013 жылы Головкин Madison Square Garden аренасында екі рет жұдырықтасып, алғашқысында Габриэля Росадодан басым түссе (техникалық нокаут), екінші бір кездесуінде Кертис Стивенсті де техникалық нокаутпен жеңді.

Белгісіз
+1 дауыс

26-сәуірде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Нью-Йоркте өтеді. Келесі қарсыласы әлі анықталмады.

Ол  әлі  белгісіз.Бірақ  26 сәуір  Нью-Йорк  жерінде  кездесу  өткізеді.

+1 дауыс

Нур.кз сайтынан:

Команда Головкина ведет переговоры с Джеймсом Кирклендом по поводу боя между ними 26-го апреля в Нью-Йорке, сообщает Boxingscene.com.

Команда Геннадия Головкина назвала вероятного оппонента Геннадия Головкина в бою 26 апреля на арене Мэдисон-Сквер-Гарден в Нью-Йорке, который будет транслироваться на HBO. Им стал американец Джеймс Киркленд. 

0 дауыс
Менин ойымша Дэнни Гарсия

Ұқсас сұрақтар

...