0 дауыс
3.6k көрілді
Семіздіктен қандай аурулар туындайды? Семіз адамдардың өмірі қысқа болады дегендері рас па? Қазіргі таңдағы ең қауіпті аурулар қайсы?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Семіру – зат алмасуының бұзылуына байланысты адамның ішкі құрылыс дене мүшелерін май басып кетуі.

Семіздіктің себептері:

Асты мөлшерден артық ішу;
Гиподинамия:;
Тұқым қуалаушылық;
Жүктілік, бала емізу;
Жастық ерекшелік, зат алмасу процесстерінің әлсіреуі;
Жүйке жүйесі мен бездердің зақымдануына да байланысты.

Патогенезі:

Семірудің ең негізгі даму механизмі – ми қыртысты қабығының, гипоталамус орталықтарының майлы және көмірсутегі заттардың алмасуын бақылау жұмысы өзгеруіне байланысты.
Семіруге жолықтыратын себептерге қарап, ең жиі кездесетін – алиментарлық семіру. Осы себептерден денеге аспен түсетін қуат пен тәулігінде жұмсаған қуаттың сай келмеуінен болады. Науқас адамның ішкі құрылыс бездерінің жұмысы өзгергенімен де семірушілік ұлғаюы мүмкін.
Семірген адамда алғашқы кезде қанында инсулин көп болады, біраз уақыт өткеннен кейін инсулиннің деңгейі азаяды. Осы себептерден семірген адам кейінде қант диабетімен ауыруы мүмкін.

Семірген адамның терісін , бүйрегін және көкірек қуысын май басып кетеді. Үлпершек майлар эпикардтың астында, жүректің оң жағында көбірек қыртыстанып жиналады. Май жүрек етінің арасына сүзіліп тұнуына байланысты жүрек етінің талшықтары жіңішкереді. Май басқаннан бауыр көлемі де ұлғаяды. Ұйқы безіне май тарағандықтан оның Лангерганс аралдары азайып , сөл бөлу қызметі нашарлайды.

Семіру классификациясы:

Біріншілік (алиментарлық семіру және осы ауруға бейімділік),
Екіншілік – басқа аурулармен байланысты.

Бұл аурулар ішкі секреция бездерінің( гипофиздің, жыныс бездері, қалқан бездің аурулары) және мидың қатерлі ісікпен, инфекция ауруы немесе жаралануы. Осы семірудің екі түрінен басқа липоматоз деген түрі болады, науқастың бұл түріне шалдыққан адамда терінің астында май түйірленіп жиналады.

Добавить рекламное объявление

Аурудың клиникалық белгілері:

Адамда май қыртысының дамуына қарай семіруді 4 дәрежеге бөліп, оны Брок формуласын пайдаланып табуға болады( адамның бойының биіктігінен – 100 адамның салмағы).
Егер науқастың салмағы оның жасына , жыныстық және дене құрылысына лайық 30% артық болса – ол семірудің І дәрежесі болып есептеледі. Ал 50%-тен артық болса – ІІ дәрежесі,50 -100% артық болса –ІІІ дәрежесі, 100%-тен жоғары болса – ІV дәрежесі.

Мөлшерлі салмақтан асып кеткен адамдар (І-ІІ дәрежеге дейін семірген адамдар) дәрігерге өздігінен келе қоймайды, өйткені олар өздерінің сырқат екендігін сезбейді.
Ал ІІ – IV дәрежеге дейін семірген адамдар алғашқы уақытта жұмыс істегенде, ауру асқынған кезде,жаяу жүргенде ентігіп жүрісі бәсеңдейді. Осындай семірген адам ұмытшақ, терлегіш, тез шаршайтын болады. Ондай адамдардың үлкен дәреті іштен қатып түседі. Ал әйел адамдардың етеккірі келуі бұзылуы мүмкін.

Мұндай аурулардың денесінде , яғни санында , қарнында ақ , қызыл, көкшіл жолақтар пайда болады (striae). Кейбір адамдардың қарын терісі майымен салбырап тұруы мүмкін. Терлегіш болуы себебінен семірген адамдарға шиқан және қышыма шыққыш келеді.

Бауыр көкетті май көтеріп тұрғандықтан, ол өкпені ығыстырады, сондықтан семірген адамдардың дем алуы қиындап, өкпенің қабынуы жиірек кездеседі.

Асқыну белгелері:

Семірген адамдардың қан қысымы көтеріліп және атеросклероз пайда болуы мүмкін. Осы себептерден семіргіш аурудың жүрегі әлсіреп, оның қызметі нашарлайды. Семірген аурулар қомағай келеді. Семіргіш аурудың өтінде тас көбеюі мүмкін, холецистит, панкреатит деген аурулармен ауырғыш келуге мүмкін, бауыр үлкейеді

Семіздікті терапиялық емдеу принциптері:

Семірген адамдар жеңіл тамақ ішіп, арықтауға тырысу керек.
Тамақты уақытында ішіп , дене шынықтыруға көп уақыт бөлу керек.
Семіріп кеткен аурулар өзін аштықпенен не жартылай ашығуменен емделуіне болмайды.
Асқа тәбеті ерекше жоғары адамдарға тамаққа зауқын төмендететін дәрілерді қолдануға болады.

Семірді емдеу үшін қолданылатын заттар келесі топтарға жіктеледі:

1.Тәбетті төмендетуші заттар.
2.Липолизді және термогенезді ынталандырушы заттар
3.Асқазан-ішек жолында майлардың сіңірілуін бұзатын заттар
4.Органолептикалық қасиеті бойынша майларды алмастырушы заттар
5.Қантты алмастырушы заттар.

Тәбетті төмендетуші заттар келесі топтарға жіктеледі:

-Катехоламинергиялық жүйеге әсер ететін заттар
-Катехоламинергиялық серотонинергиялық жүйеге әсер ететін заттар
Осы препараттардың барлығы гипоталамуста орналасқан тәбетті реттейтін орталық механизмдерге әсер етеді.

Тәбетті ынталандыратын орексин пептиді бөлініп алынған. Орексин рецепторларын тежейтін заттар негізінде тәбетті төмендетуші әсер көрсетеді.

Сибутрамин норадреналин,серотанин және дофаминнің нейроналды кері ұсталуын тежейтін анорексигенді зат.Қан сарысуында несеп қышқылының концентрациясын төмендетеді, липидтер мөлшеріне қолайлы әсер көрсетеді.

Жалпы алып қарасақ, семіру майдың артық мөлшерде жиналуымен көрінеді.Бұл энергетикалық баланстың ұзақ уақыт бойы бұзылуы нәтижесінде дамиды. Бұл кезде тағаммен түсетін энергия мөлшері оның шығынына қарағанда жоғары, мысалы физикалық жүктеме жеткіліксіз болғанда. Әрине семіруге ықпал ететін маңызды факторларға тағамдық рационда майдың мөлшерінің қалыптан жоғары болуы және гиподинамия жатады. Дененің артық салмағына генетикалық бейімділікті де ескерген жөн.Сонымен қатар, психикалық және нейроэндокринді факторлар, жасы маңызды рөл атқарады.

Семіру кезінде науқасқа өздігінен емделіп, белгісіз әсерлі дәрілерді (әсіресе қытай дәрі, шөптерін) ішуге болмайды!!! Бұл кезде дәрігер маманға қаралған дұрыс. Тек қана білікті маман семіздікті емдеудің дұрыс жолын таңдап, айтарлықтай нәтижеге жетуге көмектеседі
0 дауыс
Қан қысымының жоғары көтерілуі
Қант диабеті
Инсульт, инфаркт т.б.
  
P.s. Қысқасы
...