0 дауыс
500 көрілді
Ассалаумағалейкум достар!!! Пәтерді жөндеп (ремонт) жасап  жатқан едiм, Корпус үй едi. Өзінің уақытты барма? көрші үйлер жалыбы жасамайтын болатындай.
Сол туралы заң барма?

3 жауап

+1 дауыс
Көршілеріңнің бәрін жинап, қарсы емеспін деген қағазға қолдарын қойғызып аласың. Ол өте оңай бір шәй беріп жіберсең өздері келеді. Одан кейін олар  ештеңе дей алмайды. Заңы солай оның, ремонт жасау керек қой ол да заңды нәрсе.
Көршілерге шәй бермей-ақ, таңғы 6 дан 11-ге дейін біраз шаруа бітіруге болады ғой, түнде жасамай-ақ заңды түрде
+2 дауыс

Бұл бап көршілерің арыз берген жағдайда ғана қолданылады 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

437-бап. Тыныштықты бұзу

      1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

0 дауыс
Ештеңенi сұрамай жасай бер. Көршiлер келiп жатса ойнап жатқан жоқпын ғой де, оған көнбесе пиздухн швайн де. Отырасың ба, баптар-саптар деп.
Егер шынымен арыз берсе штраф төлетеді, көршілерінің ішінде арызқой біреу болар мүмкін қайдан білесің, оданда тынышыңмен күндіз жасап, түнде жатпайсың ба
Онсызда күндiз жасалады ғой.
Жоғарыдағы бапты қайта оқып шығыңыз, түнгі уақыт 23 тен 6-ға дейін деп анық жазылған, сол уақытта мазаларын алмасаңыз болды
...