+1 дауыс
761 көрілді
Енді мен жеке кәсіппен айналысқым келеді. Қалтада ақша жоқ вәпще. Идея болса ортаға тастайық.

Содансоң-ше шыдамды болыңыз, білімді болыңыз деген жауап емес маған идея тастасаңыздар, жол көрсетіңіздер. Өтінемін. Жауап жазғандарға алғысым шексіз...
Қай қалада тұрасың?
Шымкентте тұрам...

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Елдос! сенің қадамың өте дұрыс. Бизнесті ерте бастасаң ерте көтерілесің. Не нәрсе болса де ертерек қимылдаған адам әр-қашан да уақыттан ұтады.

Жұмыспен қамту мекемесіне барып тіркелесің,Кәсіпкерлік мектебіне барып  бір апта оқуға қатысасың, сол жерде бәрін ортаға салып егжей-тегжейлі оқытады, арнайы мамандар сабақ береді (қасыңда неше түрлі бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлер де оқып жатады, олармен де ой бөлісіп, көзің ашылып рахаттанып қаласың). Сосын қолыңа сертификат береді, Сосын 6 пайызбен жеңілдетілген несие алуға жол ашылады, оны аласың да көздеген кәсібіңді ары қарай дамыта бересің.

Есіңде болсын бұл бизнесті алғаш бастағанда,1-2 жылдар бойы ешкімге ақша беруші болма! Кейін несиеңді қайтарып үстінен пайдасын көріп көтеріліп алған соң, ары қарай бизнесті кеңейте бересің. Біреуге жаның ашып ақша берсең банкротқа ұшырайсың. Біреу сенен ақша сұрады ма, яғни ол саған жаны ашымайтын,кедергі келтіруші адам  деп таны !

5-6 жылдан соң сен оларға үйрет. "Қолдарына балық берме, қармақ бер" сол оларға үлкен көмек болады. Ал ақшамен көмектесе алмайсың, өйткені тегін келген ақша тегін кетеді.

Бизнесмен болғың келсе осы жолды таңдайсың!  Басқаша жұмысың жүреді деп айта алмаймын.

ІСКЕ СӘТ !!!  БИЗНЕСІҢ ӨРГЕ ҚАРАЙ ДӨҢГЕЛЕЙ БЕРСІН !!! (Өзім де осы жолдан өттім).

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мысалы: Магазин аш, кеңсе заттары дүкені оның ішінде  бизнес центр, фото, видео, компьютер, ксерокөшірме,тағы басқа халыққа қажетті қызметтерді қоса бересің шетінен.

Ауылда жерің болса, Малмен айналысасың , 5 мың тенгеден 200 қозы қошқар алып бақсаң, өскенде 30-40 мың тенгеден сатасың. тағы жылқы сиыр бәрін аласың ғой. (Саған шамамен 3 миллиондай несие беріледі).

Бір кәсіпкер өзен жағасынан жер алып көлшік жасап балық асырап,көбейтіп сатып байып жатыр. Демалыс орындарын жасасаң да болады, табиғаты жақсы, бастауы бар жер болса. Ол да жақсы.

Қолыңнан келсе пластик терезе жасаумен айналыс, ол да жақсы бизнес.
+2 дауыс
Бизнес жасау оңай іс емес және жолын мықты білетін тәжірибелі адамдарға оңай болуы мүмкін, әрине.

Сондықтан, менің ұсынатыным бір мықты бизнесменнің қарамағына өту және сол жерде барлық қиындыққа шыдап мол тәжірибе жинау. Кәсіпкерлік мектепке бару, ораторлық курсқа бару, кітап оқу әрине жақсы және ол нағыз істеп көрген адамның тәжірибесін алмастыра алмайды, ал бастық рөліндегі бизнесмен қадағалаушы әрі дұрыс жол сілтеуші болады, бұл өте маңызды. Көп адамдар қадағалауы жоқ және дұрыс жол сілтеушісі жоқ болғандықтан көп уақытын жоғалтады және еш нәтиже шығармайды.

Бастысы қандай қиындық болса да шыдап, шынығу керек, шыныққан адам ебін тауып, мол табыс пен оңай жолына біртіндеп шығатын жолын өзі көре бастайды деп ойлаймын.
+2 дауыс
Қазір кризис заманы, 7 рет ойланып 1 рет кесу керек. Халыққа ең маңызды заттар өндіруден бастау керек. Сонда ұтылмайсың. Шымкентте теплица дұрысы. Ең басты ынта, жігер керек.
+1 дауыс
талабың күшті екен жас болсаңда талаптыға нұр жауар менімен хабарлас жол көрсетейін  87776997552 87079447552  87028933077
0 дауыс

http://akshatabu.su осы сайтты қарап көр

0 дауыс
Саламатсызба, орташа бағада бизнес ашыңыз, магазин, овощной, балмуздақ немесе. Самое главное өзіңізге ыңғайлы болса болды. Сәттілік!
...