+2 дауыс
1.3k көрілді

5 жауап

+5 дауыс
Мангыстау облысы,Жанаозен каласындагы Ереуiлдiн басталганына 7 ай болды, казiрге дейiн жалгасуда.Менiн тусiнбейтiнiм,халкымыздын жартысы жумыссыз жургенде,шетелдiктердi жумыска тарту не ушiн кажет?!...Мунайшылардын жалакысын тексеру натижесінде,жергілікті мунайшынын жалакысымен салыстырганда кытайлыктар 4-5 есе артык акша алады.Бул жуйеге карсы шыгу-занга карсы турумен бiрдей.Себебi, КР енбек заны мен кодексiнде шетелдiк жумысшыларды жогаргы ставкалы жалакымен жумыска тарту магынасын бiлдiретiн зан карастырылган.Казiргi танда ОзенМунайГаз ОФда жумыс жасайтын Кытайлыктар жок,бiрак КазМунайГазга карасты баска филиалдардын барлыгын кытай алып болды.Компаниянын меншiгi кiмнiн колында?...Жалакыны шетелдiк жумысшылардын жалакысымен тенестiру туралы талабынын купиясы мынада:Егер укiмет осы маселенi шеше алса, кытай баскаратын компаниянын экономикалык дамуы,табыс системасы бузылады. Бул осылай компанияны оз елiмiзде калдыру жолындагы баспалдактын бiрiншi сатысынан гана аттай аламыз. Егер билiк жумысшылар талабын шеше алмаса КазМунайГаз компаниясы толыктай шетелге сатылып кеткендiгiн бiлдiредi.Барлык Казакстандыктарды асырай алатын мунайымызды оз игiлiгiмiзге жаратуымыз керек екенiн ескерiп, дурыс кадамдар жасамасак,жаркын болашактан умiт жок деген соз. Менiн ойымша ереуiл - занды. Бiрак, сауатты адамдар бас косып,бiрiгiп жумыс жасай алмай отыр немесе
немесе занды бурмалаушылык болуы мумкiн. Мунайшылар ереуiлi зансыз болса, 7 ай бойы тауелсiздiк аланында турган мунайшыларды алдекашан таратып жiберген болар едi.
Белгісіз
+2 дауыс
Мунайшылар 16-сына дейн уақыт берді егер шеше алмаса көтеріліс жасаймыз деп отыр,,,
сол үшін жүр амондармен полициялар котерілісті басып тастау үшін
+2 дауыс
ЕРЕУИЛ ЗАНСЫЗ. СЕБЕБИ КАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕНБЕК КОДЕКСИНИН 299 БАБЫНА САЙКЕС: уәкілетті орган ереуілдің басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс берушілердің бірлестігіне (олардың өкілдеріне) оны жариялағанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
      2. Ереуіл жариялау туралы шешімде:
      1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі;
      2) ереуіл өткізілетін күн, орын мен уақыт, оның ұзақтығы және қатысушылардың болжамды саны;
      3) ереуілді басқаратын органның атауы, бітімгерлік рәсімдерге қатысуға уәкілеттік берілген қызметкерлер өкілдерінің құрамы;
      4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) ең төменгі көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.
СОНДАЙ-АК, АТАЛГАН КОДЕКСТИН 303 БАБЫНА САЙКЕС: Ереуілдер:
      1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы  заңнамаға сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;
      2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті зардаптарға әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
      3) осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер және талаптар ескерілмей жарияланған жағдайда;
      4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып танылады.
      Осы тармақта көрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім шығарғанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
      2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуіл жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісу
негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті қызмет көрсетулердің тізбесі мен көлемі сақталған жағдайда өткізіледі.
      Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде ереуіл негізгі жабдықтардың, тетіктердің іркіліссіз жұмысы қамтамасыз етілген жағдайда ғана өткізілуі мүмкін.
      3. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылдайды.
      4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша қабылдайды.
      Сот шешімі қызметкерлерге ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі, ол ереуілге қатысушыларды сот шешімі туралы дереу хабардар етуге міндетті.
      Ереуілді заңсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі дереу орындалуға тиіс.
      Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
      5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
Толық қосыламын. Заңсыз әрекет.Бәрінен мейрамда жасағандары,көңіл-күйді аяқ асты қылғандары-көңілге батады
Сенiң жазып отырған ҚР еңбек кодексiн Жаңаөзендiк ереуiлшiлер жатқа бiледi. 32-тарауда қарастырылған 288-баптан бастап 305-бапқа дейiнгi жазылғандарды бұзған емес. Бұл әдiлетсiз басшылардың заңды ұрлауынан осындай жағдайға жеттi. Еңбек кодексiнен көшiрiп алғаныңды басқа жерге жазарсың.Көп болса сол әдiлетсiз басшылардың бiрi боларсың. Қатты бiлгiш болсаң сол сен жазған кодекстiң қайсы бабы бұзылды.Дәлелдеп бершi. Жаңаөзен мұнайшылары 2011ж мамырдың 26нан желтоқсанның 16на дейiн заңды ереуiл жасады. Үкiметтiң жасаған заңсыздықтарына төзе алмағандықтан,шарасыздықтан 7 ай бой күннiң ыстығына желдiң суығына төзiп,алаңда тұрды да,атаулы оқиғаны жасауға мәжбүр болды. Яғни тек осы күнi заң бұзылды. Үкiметтiң заңсыздықтарына заңсыздық қылып жауап беруге тура келдi.
Белгісіз
+3 дауыс
Біздің билік ондай мәселелерді өлсе де заңды деп айтпайды. Алғаш ереуіл заңды басталған, барлық жағынан заңды болды, талаптары да заңды, сондықтан, мұнайшылар ереуілі толықтай заңды. Мәселе сол мұнайшылардың талабымен санаспауында болып отыр. Олар тек қана айлық сұрап отырған жоқ, қазіргі кездегі мұнай кен орындарының активтері шет елдіктердің қолында, сол активтерді билік реттесін, қазақстандық жұмысшылар мәселесін шешсін деп қойып отыр. Және батыстағы көптеген мұнай кен орындары офистері Алматыда не Астанада орналасқан, ал онда кілең мұнай исі мұрнына бармайтындар миллиондап ақша алып отыр. Қара халық осында 60-200мың ақшамен отыр, бұл ақша оңтүстікте, шығыста көп ақша болар, батыста бәрі қымбат, бәрін сатып алады, әрі мұнаймен ілесіп шығатын улы газдар көп, экологияға ешбір мұнай компаниялары қарамайды, штрафын төлеп отыра береді. Қалалар әлі сол баяғы кедей күйінде, бар ақша Астанаға, мұнай магнаттары қалтасына кетуде. Осындай жағдайлар халықты ашындырып отыр, 7 ай бойы ереуілде тұрғанда бір үкімет адамы келмеген, көмектескен адвокаттарды түрмеге жыққан, кейбір мұнайшылар балаларын ұрып-соққан, кейбіреуі жұмбақ жағдайда қаза болуда. Кешегі болып өткен толқулар бәрібір батыста болатын еді, ақыры болып тынды және осылай болуға өзі итермеледі, провакацияға барды. Билік осыны біле тұра жұмыс жасамады, "сол қазақтар тұра берсін, тарайды ғой тұрып-тұрып" деген пиғылда болды. Биліктің ең үлкен кінәсі - ол халыққа қарсы оқ атуы еді, ондай билік, ондай президент қай кезде де тарихта жақсы атпен қала алмайды. Телефон, интернет, байланыс түрлеріне блокада жасап, халықтан жасырып отыр. Сөз соңында, Жаңа Өзенде қаза болған бауырларымыздың қазасына қайғырамыз, артының қайырын тілейміз.
Осы жауап өте дұрыс, дәлелдi жазылған. Қосымша айтарым мұнайшылардың қойған талаптары тек мұнайшыларға ғана емес жалпы қоғамға да қатысы бар маңызды талаптар қойылған.
Белгісіз
+2 дауыс
[Мына жерде] [1] сол кездегi қала әкiмi мұнайшылардың қойған талаптары дұрыс деп мәлiмдеген.
[1]: http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_zhanaozen_the_trial_of_strikers/24562317.html
...