Біздің билік ондай мәселелерді өлсе де заңды деп айтпайды. Алғаш ереуіл заңды басталған, барлық жағынан заңды болды, талаптары да заңды, сондықтан, мұнайшылар ереуілі толықтай заңды. Мәселе сол мұнайшылардың талабымен санаспауында болып отыр. Олар тек қана айлық сұрап отырған жоқ, қазіргі кездегі мұнай кен орындарының активтері шет елдіктердің қолында, сол активтерді билік реттесін, қазақстандық жұмысшылар мәселесін шешсін деп қойып отыр. Және батыстағы көптеген мұнай кен орындары офистері Алматыда не Астанада орналасқан, ал онда кілең мұнай исі мұрнына бармайтындар миллиондап ақша алып отыр. Қара халық осында 60-200мың ақшамен отыр, бұл ақша оңтүстікте, шығыста көп ақша болар, батыста бәрі қымбат, бәрін сатып алады, әрі мұнаймен ілесіп шығатын улы газдар көп, экологияға ешбір мұнай компаниялары қарамайды, штрафын төлеп отыра береді. Қалалар әлі сол баяғы кедей күйінде, бар ақша Астанаға, мұнай магнаттары қалтасына кетуде. Осындай жағдайлар халықты ашындырып отыр, 7 ай бойы ереуілде тұрғанда бір үкімет адамы келмеген, көмектескен адвокаттарды түрмеге жыққан, кейбір мұнайшылар балаларын ұрып-соққан, кейбіреуі жұмбақ жағдайда қаза болуда. Кешегі болып өткен толқулар бәрібір батыста болатын еді, ақыры болып тынды және осылай болуға өзі итермеледі, провакацияға барды. Билік осыны біле тұра жұмыс жасамады, "сол қазақтар тұра берсін, тарайды ғой тұрып-тұрып" деген пиғылда болды. Биліктің ең үлкен кінәсі - ол халыққа қарсы оқ атуы еді, ондай билік, ондай президент қай кезде де тарихта жақсы атпен қала алмайды. Телефон, интернет, байланыс түрлеріне блокада жасап, халықтан жасырып отыр. Сөз соңында, Жаңа Өзенде қаза болған бауырларымыздың қазасына қайғырамыз, артының қайырын тілейміз.