+1 дауыс
570 көрілді

Алматының Наурызбай ауданын сел басып, көпшілікті әбігерге салып қойды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Қазақстандықтар Алматылықтарды қолдау үшін қандай көмек қолын ұсына алады. Қалай көмек ұсына аламыз. Алматыдағы сел тасқынынан зардап шеккен адамдарға қалай көмектесуге болады?

Алматыдағы сел тасқынынан зардап шеккен адамдарға қалай көмектесуге болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Селдің салдарын жою бойынша қалпына келтіру-тазалау жұмыстарына өз күшіңізбен көмек көрсетуге мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін осы жексенбі күні 26.07.2015 сағат 10:00да Жандосова-Яссауи көшелерінің қиылысына келіңіз. Өзіңізбен бірге қажетті жұмыс құралдарын алып келіңіз. Мысалы: күрек (совковый), болса, арба (тачка), зембіл (носилки), шелек, жұмыс киімі, қолғап, резеңке етік т.б. Жұмыстың ауыр болуына орай тек қана ер азаматтардың келуін сұраймыз.

"Шұғыла" Қоғамдық Қоры
0 дауыс
Миллиардерлерді алдапарбап көндір, тығып тастаған пәленбай миллиондаған долларларын шығарсын Алматылықтарға.  Міне солай көмек берем десең құлаққа кіретін әңгіме, былайша қалтаңдағы тиыныңды кімнің аузынан табасың.
...