+1 дауыс
841 көрілді

11 жауап

+3 дауыс
Әрине 16 желтоқсан маңызды, ал 31 желтоқсан қандай мереке?
Сол 31 желтоқсанда мен рахаттанып қаламын)қалауың білсе шарапсыз-ақ өткізуге болады)
Мереке болғаннан кейін өздерінің кейіпкерлері болады.Қыдыр атаның бар екеніне дәлел келтіре аласың ба?
Ей Юзер не деп кеттін. Қыдыр атаны неге аузына алдын. Не сен құдайға сенбейсін ба не? Бір 31 желтоқсанда бір рахаттанып қаламын деп жатқанын несі. Сен вообще 22-наурызды неге аузына алмайсын. Сол 31 желтоқсаннын несі қызық. Ал мен қыдыр атанын барын дәлелдей аламын. Ол Қадір түні күні Қыдыр ата болады.
Дәлелде.
Мында да мына Юзер жур ма?? Тууу тіпті, сорпа саған сөз жоқ деу керек мұндайларға!
Ерғали молодец!!!
Меніде қолдайтын қазақтың жастары  барына рахмет!!! Ел келешегіне ел тәуелсіздігіне  үлес қосатын жастар жасасын!!! тәуелсіздік қадырын білетін ұлтжанды ұрапақ көп болғай қазақта!
Белгісіз
Депутаттың әңгімесін айтып кеттің ғо
+2 дауыс
Меніңше қай мереке маңызды деп бөлудің қажеті жоқ сияқты, өйткені әр мерекенің өз алдына маңызы, өз алдына ерекше орны бар. 31не жаңа жыл. Оны кейбіреулер жақтырмағанымен ө3дері бірінші тойлайтыны өтірік емес.
Алып - қосарым жоқ, Ангелинаның айтқанына 100%қосыламын.Әр мерекенің өз орны бар екенін түсінбеу ақымақтық.
+3 дауыс
Әрине екі мереке де маңызды! Бұл жерде мейрамдарды бөлу орынсыз деп ойлаймын...
+3 дауыс
Маған 31 желтоқсан ұнайды. Себебі: жанұяңмен, туған туыстарыңмен бірге боласың.
+4 дауыс
16 желтоксан гасырлар бойы ансап келiп, киындыкпен тауелсiздiкке кол жеткiзген кунiмiз. Сондыктан, бул мереке Казакстандыктар ушiн манызды мереке. Ал 31 желтоксаннын манызы жок деп айтуга болмайды, оны да тойлауга болады. Дегенмен казактар Жана Жыл мейрамын наурыз айында тойлау аркылы ерекшеленедi....
+2 дауыс
Екі мереке-екі дүние! Бірақ, бір жаныма бататыны, қанша рет сөзбен айтып, ата-бабаның арманы деп жатсақ та, тәуелсіздіктен бұрын жаңа жылдың ауызға алынып, жаңа жылдың символы-шыршаның  қала мен далада құрылып тасталуы. Ең болмағанда 16 нан кейін де 15 күн бар, ол әлі қаңтар бойы тұрады. Қалалардың басшылықтарынан неге тыйым салмайды екен деймін. Жаңа жылдан шыны керек, есейіп кетсек те сыйлық күтеміз бұрынғыдай)
Тоғжан рахмет сізге, ойымыз бір жерден шықтығой!
+3 дауыс
Әр мейрамның өзіндік ерекшелігі бар. Бұл екі мейрамды салыстыруға келмейді. МЕнімше 16 желтоқсан қаралы күн. Осыдан 20 жыл бұрын дәл осы күні қаншама адам осы тәуелсіздік үшін қырылып кеткен. Қаншама озиміздей жастар жызықсыз кетті. Солардың армандары міне бүгін біз көріп отырмыз. Ал Жаңа жып ол қуанышты күн. Бұны орыстардың мейрамыдеп жатады. Бұған да мен келіспес едім. Бұл мейрам қазақтардыңда мейрамы. Жаңа жыл дегенде еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін асыға күтеді.
Рождество Христово- білуімше, жаңа жыл осыдан шығады. Православ христиандар 25 желтоқсан деп қарайды, алайда Дэн Браунның Код да Винчиінде басқаша пікір айтылады.. Оқып көріңіз, қызық! Жалпы христиан діні туралы.
+2 дауыс
осы сураққа жауап жазғандар  Тәуелсіздіктің 20 жылдығы - 16 желтоқсанға жоспарыңыз қандай? деген сурақты іздеп та жауап жазыңдарш, мына Юзер деген қолданушы шаршатты,адамды!
+2 дауыс
негізінде, 16 желтоқсан біз осыдан 25 жыл бұрын алаңға шығып, ел болашағы үшін жан беріскен азаматтарды еске алып, қадірлеуіміз керек, ал біз ... тәуелсіздік, жасампаздық деп, барлығын ысырып қойдық.. Әрине, тәуелсіздікті де тойлау қажет алайда басқа да МАҢЫЗДЫ!!! нәрселер бар. мысалы, биыл Абылай ханның 300 жылдығы. оны ескеріп жатқан кім бар?! барлығымыз "қазақ қазақ болғалы өйтпеді, бүйтпеді, біз 20 жыл ішінде өйттік, бүйттік"... әрине, 20 жыл ішінде аз нәрсеге қол жеткізбедік, алайда меніңше, бүгінді өткен тарихпен салыстыру- артықшылық!
+2 дауыс
Жаңа жылымыз 31 желтоқсан маңызды!!! (жоқ дегенде 40 әріп)
0 дауыс
Әрине 16 желтоқсан маңызды. Бір әттеген-ай дейтін тұсы 16 желтоқсан 31 желтоқсанның тасасында қалып қоюы.
...