+1 дауыс
7.5k көрілді

Акцентпен сөйлейді екен дейді сонда қалай?

10 жауап

0 дауыс
акцент бұл әдемі сөйлеу мысалы ағылшынша әдемі сөйлегенді акцент деп айтады

немесе орысша
0 дауыс
Акцент былайша айтқанда басқа тілдің кейбір әріптерін, сөздерін тілі келмей бұзып сөйлеу,

Мысалы басқа ұлттар қазақша сөйлегенде көбіне ң, қ әріптеріне тілі келмей н,к деп айта береді ғой, сол сияқты менің ағылшынша "the" артиклына тілім келмейді таза айта алмаймын
зе деп сәл тіліңді басып айтсаң болады
Мен сияқты екенсіз ғой.
Тимур_kz жоқ бәрібір тап-таза шықпайтын сияқты, зе-мен те - нің арасындағы бірдеме
Қатты the деген сөзге тіліңізді келтіргіңіз келсе логопедке барыңыз. Ол английский білсе əрине.
оқылуы зе болады, бірақ ағылшындар оны жай айтады, басқаша етіп, Зе демей
0 дауыс
Мысалы орыс тілін қазақтар акциентпен сөйлейді,бұрын қазақша сөйлеп жүріп орысша сөйлеп қалсан .орыстар акциентпен сөйлейді дейді.Қазақ тілімен сөйлеген дұрыс,орысша дұрыс айтпай позор болғанша
+1 дауыс
Мысалы кавказдар орысшаны біледі, бірақ сөйлегенде білініп тұрады,

Соны акцент дейді
0 дауыс
"Гуглдин издемиме екен" дейді бір орыс. (Содан сұрап едім "акцент деген не?" деп)
0 дауыс
Өз тілінің акценті+басқа тілдің акценті=өзгеше акценттегі басқа бір тіл!тіл деп біл акцент деген ақсент!
0 дауыс
Басқа тілде дұрыс сөйлей алмау
0 дауыс
Акцент деген ол әр ұлттың өзінің тілінің ерекшелігін көрсетеді. Орысша сөйлеген кезде. Литвалықтарда акцент бар, ол акцент олар үшін үлкен мәртебе.Ал кавказдықтар да әдейі акцентпен сөйлейді өзінің ыңғайына келтіріп, ол деген орыс тілін өз тілінен сәл төмендетіп көрсеткендері. Ал қазақтар орыс тілін акцентсіз сөйлегені, өз тілдерін құрметтемегені. Неге казахский акцент жоқ??? Бір италияндық россияға келіп  "Пирыивіт рәсио діскотиэкио васмідесәтті"  деп айтса бір ауыз, соған орыстар мәз болады  шапалақ ұрып. Ал қазақ солай айтса күледі, орыстар сондай нацисттеу халықтар ғой.

 

Екіншіден акцент сөзі тек тілде ғана емес сурет, кескіндеме, графика, дизайндарда да қолданылады суреттің композициялық стильдеріне байланысыты.Ерекше түстеріне байланысты.
0 дауыс
Акцент (лат. accentys, нем. akzent — екпін), тіл білімінде [1] —

Екпін;
Өзге тілде сөйлеушінің ауызекі сөзіндегі ерекшелік;
Өзінің ана тілінде емес, басқа тілде сөйлеушіге тэн өзіндік айтылуы және бөтен тілдердің дыбыстарын ана тілінің дыбыстарымен еріксіз алмастыруында көрінуі.[2]
Екпін түсетін дыбысты көрсететін таңба. Музыкада — акцент музыкалық шығарманың жеке дыбыстарына, аккордына ерекше екпін, күш беріп, даралап ойнау (Акцент белгісі: >, у, sf тағы басқа). Акцент дыбысты ырғақтық жағынан ұзарту, тембрін өзгерту, гармониялық алмасу тағы басқа арқылы да жүзеге асады.[
0 дауыс
Акцент негізінен тілге қатысты дүние емес, бар болғаны, бір нәрсеге баса назар аудару деген мағынаны білдіреді. Осыдан барып, оны тіл ғылымымен байланыстыру арқылы, бір тілмен сөйлегенде, екінші тілдің заңдылығына акцент жасау дегенді қысқаша "акцентпен сөйлеу" дей салады.

Ұқсас сұрақтар

...