0 дауыс
1.4k көрілді
-"Елімізді,
Еліміздің болашағы жастарды,
Ашық болсын деп аспаны,
Үзілмесін деп,
Ерлікпен жазылар дастаны"- 20 жылдық тәуелсіздік тойымен құттықтауға дайынсыз ба?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!Қазақ жерінің қызығын оның заңды меншікті иесі - қазақ халқы барлық игілігімен пайдалануға жазсын Алла!Еліміздің көк экранында да, радиосында да, өмірде де,  тек қазақтың әуелеткен әуендері ,музыкалары  , кинолары жарқырап көріне берсін!Халқымыз аман болсын, береке-бірлігіміз тастай болсын, жұмылсақ- жұдырықтай болсақ, шіркін!!!Қандай қиын кезең болса да, тайсалмайтын болсыншы деп тілеймін .Балалар жыламасын, жақсы өмірге деген құлшыныс құламасын!Барлығы аман болсын, халқымыздың рухы түспейтін,көтеріңкі  керемет заман болсын!Сөзіміз аз болсын, ісіміз көп болсын!
+4 дауыс
Тәуелсіздігіміз құтты болсын!!Тек қазақ бақытты болсын!Қазақ қашанда қазақ болып жүре берсін!
Ақните бауырым тек бақытты қазаққа тілеме қазақстандықтар бақытты болсын ұлт бөлмейік
+2 дауыс
Тәуелсіз еліміздің 20 жылдық төл мерекесі құтты болсын! Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай!
+2 дауыс
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын. Тәуелсіздігіміз бақытты, баянды болсын. Қазақ елінің байрағы әрқашанда биіктерден көрініп, керегеміз берік, шаңырағымыз биік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Аспанымыз ашық, ешқашанда қара бұлт төнбесін. Аналарымыз бен сәбилеріміз жыламасын! Алла бәрімізге жар болсын! Әумин!
+1 дауыс
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесі құтты болсын! Еліміз өркендеп дами берсін! Ел болашағына өз үлесін қосар жалынды жастарымыз көбее берсін! Халқымыздың саны өсе берсін! Қазақ тілінің мәртебесі өсе берсін! Қазақ тілді сайттар да көбейсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болғай!!!
+2 дауыс
рахмет....Баршыңызды тәуелсіздік мерекеңізбен құттықтаймын.
Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.
...