0 дауыс
15.8k көрілді
Есімдеріңізді кім, қалай қойды және қандай мағына береді?

14 жауап

+1 дауыс
Менiң есiмiм-Даниал!Атымды бөлем қойған!Есiмiмнiң мағынасын бiлмедiм,бiрақ Iнжiлде Даниал есiмдi пайғамбар болган.Ол кiсi дана,ойшыл екен.Сондай дана болсын деп атымды Даниал қойған!
+2 дауыс
Есімімді жеребе тастап,сол бойынша қойыпты. Əкемнің туысқан тəтесі қойған))
+2 дауыс
Менің есімім Ғазиза. Бұл есімді əкем қойған. Анам мен əкемнің Ғазиза деген достары болыпты. Барлығы тойлап отқан кезде сол кісі менің мамам босанардан бұрын əкеме былай депті: "Осыдан жұбайың қыз туса оған менің атымды бересің". Əкем келісіп, атым солай қойылды.
     Мағынасы əкемнің айтуы бойынша "Ғазиз" деген сөзден шыққан. Ол қазақ сөзінде кең, кеңпейіл байтақ деген мағынаны білдіреді екен. Сол "Ғазиз" деген сөзге орыс тілі бойынша -а суффикс жалғап женский род жасаған. Ал араб тілінен "Ғазиз" сөзі қымбат, асыл деген мағына береді екен.
+2 дауыс
Менің есімім негізінде-Әлия болайын деп жатқан ед.
сосын?                                                .
содан Әлия болмай қалд прикинь =)
қықы)                                   .
Жардың! Хаха!
+2 дауыс
Менің есімім-Аружан.Атымды ағам қойған,және де мен туылған кезде сол есім жиі қойылған.Мағынасына келер болсақ -әдемі ,ару жан дегенді білдіреді.
+2 дауыс
Есімімді әкемнің қарындасы қойған болатын.
0 дауыс
Есімім - Бейбарыс. Менің есімімді көкем қойды. 26 мамыр күні Атырауда "Бейбарыс сұлтан" ескерткіші қойылыпты, соған орай қойған. Тарихи мәні бар деп қоям(ын) өзім:)
0 дауыс
Менің атым Малика әжем қойған арабшадан аударғанда патшаның әйел дегенді білдіреді есімім ұнасада мағынасы ұнамайды
0 дауыс
Сосын  Әлия болмай не болды
0 дауыс
Менің есімім -Фариза.Фариза араб тілінен міндет борыш деген мағына береді.Есімім өзіме қатты ұнайды!
0 дауыс
Менің атым қалай қойылды? Деген тақырыпқа (40 сөз)жазу керек
0 дауыс
Менім атым-Жансая . Менім атымды анам қойған. Өйткені Жансая деген ат  өскеннен кейін жаныма  сая болсын деп қойған және Жансая Ибанбекова деген әнші бар екен соған  ұқсасын деп қойған. Маған өз атым ұнайды.Сол үшін менім атымды Жансая деп қойған.
0 дауыс
Менің атым Алтынбек. Атымды атам қойды. Мен туылмай тұрып атамның түсіне алтын тас кіріпті. Сол себепті Алтынбек деп қойды. Бек деген сөз ауқатты,сыйлы адам деген мағынаны береді. Сондықтан бек жалғауын қосты. Өзіме осы ат қатты ұнайды!!!
0 дауыс
Менің есімім Нұрайна. Есімімді ата анам қойған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...