0 дауыс
Құрметті Кәрім Насбекұлы! Біздің Құлан ауылында шамамен 19 мыңға жуық халық тұрады. Осындай ірі елді мекенде халықтың жүйелі түрде спортпен шұғылдануы үшін бір денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салу мүмкіндігін қарастырсаңыз деген сұранысымыз бар.
Қоғам 22.07.2015 455 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Сіз көтеріп отырған мәселені біз жақсы білеміз, сондықтан 2016-2017 жылдарға республикалық бюджет есебінен 70%-дық қаржыландырылуын ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен сметалық құнынан 30% көлемінде Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын жоспарлағанбыз. Сонымен қатар, бұл нысандардың құрылысын жүргізу үшін, бюджеттік өтінімдері, сондай-ақ, қажетті құжаттар (жобалық-сметалық құжаттамалар, сараптамалық қорытынды, т.б. құжаттар) ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тапсырылған. Алдағы уақытта қаржы бөлінген жағдайда мәселеңіз шешімін табатын болады деп есептейміз.
22.07.2015

Ұқсас сұрақтар

127,956Сұрақ
322,865Жауап
153,167Пікір
72,967Қолданушы