Халықтың спортпен шұғылдануы үшін бір денешынықтыру-сауықтыру спорт кешені?

0 дауыс
446 қаралым
Құрметті Кәрім Насбекұлы! Біздің Құлан ауылында шамамен 19 мыңға жуық халық тұрады. Осындай ірі елді мекенде халықтың жүйелі түрде спортпен шұғылдануы үшін бір денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салу мүмкіндігін қарастырсаңыз деген сұранысымыз бар.
• Санаты: Қоғам | 446 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Сіз көтеріп отырған мәселені біз жақсы білеміз, сондықтан 2016-2017 жылдарға республикалық бюджет есебінен 70%-дық қаржыландырылуын ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен сметалық құнынан 30% көлемінде Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын жоспарлағанбыз. Сонымен қатар, бұл нысандардың құрылысын жүргізу үшін, бюджеттік өтінімдері, сондай-ақ, қажетті құжаттар (жобалық-сметалық құжаттамалар, сараптамалық қорытынды, т.б. құжаттар) ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тапсырылған. Алдағы уақытта қаржы бөлінген жағдайда мәселеңіз шешімін табатын болады деп есептейміз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,937 сұрақ
322,811 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы