0 дауыс
363 көрілді
Жамбыл облыстық қазақ драма театрына келесі жылы 80 жыл толмақшы. Осы мерейтойға дайындық барысы қалай? Жалпы бүгінгі театрдың шығармашылық деңгейі жөнінде білсем.

1 жауап

0 дауыс
Ең бірінші айтатын мәселе, театр ғимаратына ұзақ жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді. Биыл республика бойынша өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына қаралған қаржыны тиімді пайдалану есебінен театрды күрделі жөндеуден өткізуді қолға алдық. Жөндеу жұмыстары бүгінгі күнге қарқынды жүргізілуде. Нысанды тапсыру мерзімі тамыз айының соңына жоспарланған. Демек, театр кыркүйек айында жаңа 80 – ші театр маусымын жақсы жағдайдағы ғимаратта ашатын болады. Ал театрдың шығармашылық деңгейіне келсек, биылғы жылдың өзінде У.Шекспирдің «Отелло», М.Әуезовтың «Еңлік – Кебек» сияқты әлем және қазақ классикалары сәтті сахналануда.
...