0 дауыс
277 көрілді
Кейінгі жылдары аграрлық салаға инвестиция тарту бастамасы ауқымды көтеріліп келеді. Бұл әрине асыраушы салаға тың серпін беретіні анық. Қазіргі таңда осы инвестициялық жобалардың қарқыны қандай?

1 жауап

0 дауыс
Ауыл шаруашылығы саласы еліміздегі ең маңызды саланың бірі. Оған қоса, аграрлық секторға қатысты мәселелерді Елбасымыздың өзі жіті бақылауына алып, күн тәртібінен түсірген емес. Сол себепті, бұл бағытқа инвестициялық жобаларды қарқынды жұмылдыру басты міндеттеріміздің бірі болып тұр. Саралап қарайтын болсақ, қазір өңірде өндірілетін еттің 31,3 пайызы, сүттің 45,3 пайызы және көкөністің 5 пайызы ғана қайта өңделуде. Бұл дегеніңіз шикізатты тереңдетіп өңдеу арқылы қосымша өнім алу, өндірілген өнімді дайындау, қайта өңдеу және өткеру жұмыстарын қолға алу қажет деген сөз. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруға өткен жылы «ҚазАгро» ҰБХ-ның облыстағы еншілес мекемелері барынша күш салды. Нәтижесінде, 8 млрд. 163 млн. 657 мың теңге инвестициялық қаржы игерілді. Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2 млрд. 463 млн. 217 мың теңге, «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ арқылы 2 млрд. 097 млн. 154 мың теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2 млрд. 358,1 млн. теңге қаржы тетігін тауып отыр. Сондай-ақ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 1 млрд. 759,51 млн. теңгеге 6 жоба іске асырылды. Дегенмен, Шу, Байзақ, Мойынқұм және Сарысу аудандарында бұл жұмыстар кенжелеп тұр. Аталмыш елді мекендер осы таңға дейін бірде-бір жобаны жүзеге асырмағаны іш қынжылтады. Ал, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтеу мәселесіне келер болсақ, облыста барлығы 165 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Аталмыш техникалар арқылы бүгінде ауқымды жұмыстар атқарылып отыр. Алайда, Байзақ, Жамбыл және Қордай аудандарының әлі де болса белсенділігі төмен. Мойынқұм ауданы сынды бірде-бір техника сатып алмаған аудандар бар екенін мойындауымыз қажет. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы жанданатын болады. Инвестициялық жобалардың жемісін көру уақыт еншісіндегі нәрсе.
...