0 дауыс
742 көрілді
Серпін 2050 жобасы аясында жоғары оқу орындарына таңдаулы төртінші пәнге байланысты мамандықтар арасында гранттар қалай бөлінгені жайлы айтып берсеңіз.

1 жауап

0 дауыс

Жалпы, «Серпін-2050» жобасында техникалық мамандықтар мол. Ал гуманитарлық мамандықтарға грант аз бөлінгенін ескеру керек. Мысалы, төрт сала бойынша жоғары оқу орындары үшін 61 мамандықпен 5 мың грант бөлінген болса, олардың 60 % яғни, 2914 гранты физика пәнін таңдағандарға арналған. Олар 29 мамандықпен 3 сала бойынша білім алады: 24-сі техникалық, 4-і білім беру, 1-і ауылшаруашылық саласына арналған. Одан кейінгі 20% орын биология пәнін таңдағандарға 1038 грант бөлінді. Олар 15 мамандықпен білім алады: 6 мамандық білім беру саласының, 6 мамандық ауылшаруашылығы, 2 мамандық ветеринария, 1 мамандық техника саласынан бөлінген. Үшінші кезекте 10 % орын химия пәнін таңдағандарға бөлінді. Бұл пән бойынша 480 грант, 6 мамандық қарастырылған: 5-еуі техникалық, біреуі білім беру саласының мамандығы. Гуманитарлық бағытқа жататын қазақ әдебиеті, дүниежүзілік тарих, география, шет тілі пәндерін таңдаған талапкерлер үшін жоба бойынша ең аз грант бөлінген. 4 пән бойынша барлық ЖОО гранттарының 10 % яғни, 500 ғана грант бөлінді. Әрқайсысына 1-2 мамандықтан ғана таңдауға болады. Сол себепті, тестлеу кезінде осы пәндерді төртінші пән ретінде таңдаған жастар конкурсқа құжат тапсырар кезде жан-жақты ойланғандары жөн. Өз басым бұл пәндерді таңдаған жастарға «Серпінмен» қатар жалпы конкурсқа қатысуға да кеңес берер едім. Мысалы, 1-2 мамандықты «Серпін» жобасынан, 2-3 мамандықты жобаға кірмейтін жалпы конкурстағы мамандықтардан таңдаса оқуға түсу ықтималдығы жоғары болады деп ойлаймын.

Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары

...