0 дауыс
753 көрілді

Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады. Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы орасан зор. Бұл жоба жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс табуына зор мүмкіндік берері сөзсіз. Өткен жылы жоба бойынша 2050 жас оқуға түссе, биыл «Серпінге» бөлінген грант 3 есеге өсіп, 6200-ге жетті. Олардың 5 мыңы тек жоғары оқу орындарының гранттары. Демек, биыл «Серпін-2050» жобасы қанатын кеңге жайды деген сөз. Алайда, қалың көпшіліктің көкейінде әлі де бірқатар сауалдар жоқ емес. Олар, әсіресе, жобаға қатысу шарттары, оқу орындары мен мамандықтар, білім гранттарының қалай бөлінетіндігі төңірегінде болып отыр. Сол себепті біз, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мұрат Әбенов мырзамен сұхбаттасып, оқырмандардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап алған едік.

Сұрақтар тізімі: Серпін-2050 жобасы

1 жауап

0 дауыс
«Серпін-2050» бағдарламасын өте керемет ойлап тапқансыздар, сіздерге рахмет, кане ертерек басталғанда.ОҚО балаларын солтүстікке тәрбиелеу деген сөз, көп балдардың жетілмей қалған сауатын ашқалы отырсыздар, көптеген дарындарды оңай тәсілмен алға сүйреу деген сөз, қазағымыздың қаймағын кеңейту деген сөз. Мен сіздерге 100 пайыз қосыламын. Тек кана алға!!!!!!
...