Серпін-2050 жобасы | 725 қаралды
725 қаралды
Серпін 2050 ЖОО үшін құжат тапсыру қай жерде және қай уақытта жүзеге асырылады?

1 жауап

Мұрат Әбенов: ҰБТ және кешенді тестілеу тапсырған талапкерлер жоғары оқу орындарына құжаттарын 23-31 шілде аралығында қабылдау комиссияларына өткізеді. Барлық 5 облыста жергілікті жердегі мемлекеттік университеттердің ғимараттарында бөлінген арнайы орындарда тапсырады. Мысалы, Алматы облысы бойынша қабылдау комиссияларының өкілдері Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, №187 А, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, ЖОО құжат тапсырады.

Колледждерге құжат қабылдау 20 маусымнан басталып кетті және 20 тамызға дейін жалғасады. Бірақ, «Серпін-2050» жобасы бойынша бөлінген орындарға конкурс арқылы талапкерлерді мерізімінен бұрын толық қабылдап үлгеретін болса, онда құжат тапсыру уақыты ерте аяқталады. Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу 5 облыстың аумағында өткізіледі. Мысалы, Алматы облысы бойынша колледждерге құжат тапсыру Талдықорған политехникалық колледжі, Жансүгіров көшесі, № 226 үй мекен-жайында орналасқан. Сол жерлерден көптеген ақпараттар алуға болады. Ал, оқу орындар мен мамандықтар тізімі жобаның ресми сайттарында тұр. Әрі біз қосымша басылымдарыңызға ұсындық.

Ұқсас сұрақтар

118,557 сұрақ
305,785 жауап
153,304 пікір
68,216 қолданушы