0 дауыс
1.1k көрілді
«Серпін-2050» жобасы бойынша оқитындар мен жалпы білім беру гранттарын иеленгендердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық неде?

1 жауап

0 дауыс

Мұрат Әбенов: Ұқсастық– жоғары білім грантын иеленгендердің шәкіртақымен, темір жол арқылы барып-қайтатын жол шығындарының өтелуінде. Ал айырмашылығы – «Серпінмен» оқуға түскен жағдайда қосымша екі үлкен кепілдік бар. Біріншісі, жатақханамен оқуды бітіргенге дейін толық қамтамасыз етіледі. Жалпы грантпен оқу түскендерде ондай кепілдік жоқ. Екіншісі, егер оқу бітірген соң сол өңірде қоныстанып қалған жағдайда, жұмыспен толық қамтамасыз етіледі. Яғни, алдағы күндерде қиналмай-ақ жұмыс тауып, өздерінІң әлеуметтік жағдайларын жақсартуға мүмкіндік бар.

«Серпінмен» колледжге түскендердің басқа колледж гранттарынан айырмашылығы, бізде жылына 2 рет жол шығындарының төленеді және қыстық киімдерін алуға 60 мыңнан астам теңге бөлініп, барлығына 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Мұнда да оқыған өңірінде қоныстанып қалған түлектерді жұмыспен қамту жан-жақты қарастырылған. Жоғар оқу орыны болсын, колледж болсын жоба бойынша жастарға дуальді білім беру, болашақ жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатып, тәжірибелерді сол мекемелерде өту арқылы келешекте жұмыс таңдау мүмкіншіліктерін беру талабы қойылған. Нәтижесінде оқып жүріп болашақ жұмыс беруші мекемелерде тәжірибе жинаған жастар, оқу бітірген соң сол жерге оңай жұмысқа орналасып, ортаға тез сіңісіп кетеді. Сонымен қатар, «Серпін-2050» жобасы бойынша жоғары оқу орыны мен колледждерге түскен жастарға аранйы тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Жоба бойынша оқып жүрген барлық жастар арнайы құрылған «Серпін» әлеуметтік ұлттық қорының белсенділері болып табылады. Басты мақста оларды біріктіру, жеке қасиеттерін дамыту, дәстүрлі ұлттық тәрбиемен қатар нарықтық заман талаптарына сай келетін қасиеттерін қалыптастыру. Осы мақсатта жылына екі рет республикалық деңгейде, барлық аймақтарда «Аламан» фестивалі өткізіледі. Көшбасшылар лагері, жазғы құрылыс отрядтары ұйымдастырылып, бос уақыттарында жұмыс істеп, қаржы табу мәселесі қарастырылған. Бұл жастар қазір өздерін «Серпіндіктерміз!» деп мақтанышпен айтады. Бұл да біздің үлкен жетістіктеріміздің бірі.

...