Я менің Тәуелсіздікке еш еңбегім сінген жоқ, бірақ мен кінәлі емес шығармын ол жылы туылмағаныма және сіз секілді сол жылы студент болмағаныма?????????? Бірақ менің әкем қатысқан сол желтоксан оқиғасына және бір әкемнің бауыры өлген сол жылы.... Мүмкін сіз шығар көппен көріп, ашейін қатысып, ештеңе сезінбей қайтып келген... менің әкем оқудан шықты сол үшін және менің сол оқиғаны кайталағанымды каламайды! және сөзіңізге абай болыңыз діндер арасына іріткі салу деп жазғаныңыз тым артық, мен өз салт-дәстүрімді сүйемін, өз ұлтым қазағымды сүйемін,өз дініміз исламды қастерлеймін! 16сынан кейін жасалса да болады гой деген ой ғана! сіз сол оқиғаның бәрін көзіңізбен көріп отырып,калайша осылай сөйлейсіз??? Өзгені сыйлай алмаған ???? Адам ең бірінші өзін сыйлай білуі керек,сонда ғана сені өзгелер сыйлайды, өзге ұлтқа сенің Тәуелсіздігіннің қажеті не??? ойымды толық түсіндіру үшін ағаларымыздың өлең -шумақтарын пайдаландым.
..... Мақтан етсін ұлыстар ұлыстығын
Жетер сан жыл шеккені малдай азап!
Қазақпын деп досқа айтам ұғысатын
Мақтан етсін атақты туыс атын
Қазақпын деп жауға айтам қасақана
Біліп қойсын болса ойы жұғысатын!.....
Жұбан Молдалалиев.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер ,демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана!
Туған жері -түп қазығы айбыны!
Туған тілі- сатылмайтын байлығы!
Туған дәстүр, салт -санасы -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған???
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ-жұлдызы жанбаған!
Қасиеттті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы
Төрт ана үшін болған күрес- күрестердің ұлысы!
Мұхтар Шаханов.
Мен үшін Тәуелсіздік, католиктердің мейрамынан миллион есе артық!!! Мұны Сіз топасизм дейсізбе, жалған патриоттық дейсіз бе маған барибир!