+1 дауыс
295 көрілді
Владимир Вайсс шәкірттеріне қарсылас атанған армениялық клубтың тарихы бай емес. Мартуни қаласының намысын қорғайтын ұжым 1990 жылы құрылған. 1992 жылы елдің жоғарғы лигасында бақ сынап, соңғы орынға тұрақтаған. Одан кейінгі уақытта елдің төменгі лигасында өнер көрсеткен. Сондай-ақ түрлі дағдарыстарға байланысты маусым ойындарына қатыспаған кездері де болған. 2011 жылы кәсіпкер Баграт Нагоян клубтан қайта аяқтан тұрғызады. 2012 жылы клуб бірінші лигада жеңімпаз атанып, жоғарғы лигаға оралады. 2013/2014 жылғы маусымда «Алашкерт» жоғарғы лигада соңғы орын алса, өткен маусымда төртінші орыннан көрінді. Нәтижесінде Еуропа лигасына қатысуға мүмкіндік алған болатын.

Сонымен не күтеміз ертеңгі ойында.

2 жауап

+1 дауыс
Жеңіс күтеміз.................
Алға Қайрат!
+1 дауыс
Біздікілер алаңға қарсыласын менсінбей шықпаса болды. Жалғыз үмітіміз ҚАЙРАТ
Дұрыс айтасын! Бар үмітімізм қайратта)))
...