0 дауыс
387 көрілді
Мәңгілік Даңқ шеруі қашан басталды?

2 жауап

0 дауыс

РФ-ның Томск қаласындағы жергілікті "ТВ-2" телеарнасы 2012 жылы алғаш рет Мәңгілік Даңқ шеруін ұйымдастырды. Содан кейін бұл жалпыхалықтық қозғалыс әлем елдерінде қолдау тауып, атсалысқан жұрттың қатары артты.

РФ-ның Томск қаласы Мәңгілік Даңқ шеруі өтті

— Біздің байқағанымыз, жыл сайын 9 мамырдағы шеруге келетін қарт ардагерлердің саны азайып барады. Ал олардың орнына саясаткерлер мен шенеуніктер басуда. Ал біз батыр апа-аталарымыздың шеруден қалмағанын қалаймыз. Сондықтан қала тұрғындарына соғыста жаумен айқасқан ардагерлердің суреттерін басып шығарып, 9 мамыр күні шеру ұйымдастыруды ұсындық.

«Мәңгілік даңқ» шеруінің тағы бір үйлестірушісі, журналист Сергей Лапенков қай бір жылдары 9 мамырдағы шеруге соғыс ардагерлерінің өздерінің ұрыстан қайтпай қалған қаруластарының суреттерін алып келіп жатқанын көргенін есіне алады.

— Ақиқатына келсек, біз бұл қозғалыстың авторы емеспіз. 2012 жылы Томскіде алғашқы «Мәңгілік даңқ» шеруін ұйымдастырған кезде сонау, бала кезімізде көргенімізді еске алдық. Қай бір жылдары әр жерде халық өз батырларын, ардагерлерін ұмытпас үшін суреттерін алып, шерумен жүретін. Бір жерде аз адам, бір жерде көп адам сол суреттермен мәңгілік алауға келетін.

Томсктен басталған Мәңгілік Даңқ шеруі АҚШ, Германия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Ирландия мен ТМД құрамындағы бірқатар мемлекеттерде жалғасын тапты. Қазақстан Республикасы да шет қалмай, әр жылы Мәңгілік Даңқ шеруіне қатысып келеді.

Биыл еліміздің 14 қаласында Мәңгілік Даңқ шеруі өтті

0 дауыс
Мәңгілік ештеңе де жоқ, болмайды да. Оған осы мәңгілік деген сөздің өзі дәлел. Бұрын Ленин мәңгі тірі деуші еді, не болды жоқ қылып тастады емес па???
...