–2 дауыс
17.2k көрілді
Құдаша, құда бала деп кімді айтамыз?

3 жауап

0 дауыс
Құдаша, құда бала деп  жездеңіздің немесе күйеу балаңыздың сондай-ақ жеңгеңіздің іні-қарындастарын, сіңлілерін атайсыз
0 дауыс
Құдаша деп ағаңның әйелінің  сіңілілерін, әпкелерін айтады және ағайын-туыс жағынан келгендерді де солай атайды.

Құда бала деп жеңгелерің жақтан келген інілерін, ағайын туыстарының балаларын айтады.

Жезделерің жақтан келген қыз, жігіттерді де солай атайды.
0 дауыс
Қазақта шаңырақ құрған ерлі-зайыптылардың қайын жұрты үшін келіннің немесе күйеу баланың бауырлары ‪#‎құдаша‬, құда бала болып келеді. Жасы қатар құдаша-құда балалардың емін-еркін араласуы, риясыз әзілдесуі қазақи дәстүрге тән. «Құдашадан құр қалғанды‪#‎Құдай‬ ұрады» деп әзілдеген халқымыздың салтында құда бала құдашаға көз салып, көңілін ашық білдіруі ерсілікке саналмаған. «Ажарыңның ашығын-ай, құдаша! Сендей болсын ғашығым-ай құдаша!», — деген сынды өлең жолдары да осының айғағы.
Өзара сыйластықтан ынтық сезім туындап, құда балалар мен құдашалар некелескен мысалдар да өмірде аз емес. Мұндайда жұрт жастарды «Отау ішінен отау тікті» десе, бір-біріне сыйлы ‪#‎құдалар‬туыстық тамырларының беки түскеніне қуанған.

Дети и вообще любые младшие родственники сватов приходятся друг другу «құдаша» и «құда бала». «Құдаша» звались девочки, а «құда бала», соответственно, мальчики.
Исторически у казахов құдаша и құда бала дружили между собой. При этом попытки флирта между ними не считались чем-то зазорным. Наши предки шутили: «Құдашадан құр қалғанды Құдай ұрады» — «Поделом тому, кто упустил кудашу».
В одной из песен поется: «О, как ты прекрасна, кудаша! Такая возлюбленная для меня мечта!».
Немало примеров, когда подобное общение перерастало в настоящую ‪любовь‬ и дело заканчивалось свадьбой. В таких случаях люди говорили: «‪Отау‬ ішінен отау тікті» — «Создана ‪‎семья‬ внутри семьи», а ‪‎сваты‬ радовались укреплению родственных уз.
...