0 дауыс
691 көрілді
Егер балабақша тәрбиешісі 3 жасар ұлымды ұрған болса, қайда шағымдану керек? Балам тәрбиеші соғады деп үнемі айтатын, бірақ біз оны елемейтін едік. Ал, кеше тәрбиеленушінің теледидардан жайбарақат мультфильм көріп отырған баланың басынан соғып жібергенін әкесінің өзі көрген.

3 жауап

+1 дауыс
Балабақша әкімшілігіне бару керек. Егер онда ешқандай шаралар алынбаса, қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөліміне, №5 кабинетке шағым беру керек. Бұрын балабақша тәрбиеленушілерінің мұндай әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен жоқ.
Сен бәріне өзің жауап беріп отырсың ғой, олай болмайды. абайла банға аттанып кетіп қаласың.
0 дауыс
Ондай жағдайда прокуратураға арыздану керек. Біздің қазекеңдер қойшы-қойшы деп жүре берсе, кішкентай бүлдіршіндеріміздің тағдыры не болмақ. Қазір барлық бала-бақшаларда сондай келеңсіздіктер қатты белең алуда. Ата аналар бала-бақшаға ақысын уақтылы төлейді, бірақ балалары тамақ ішпей аш жүреді,кешке үйге келгенде папа су деп әлсіреп құлай кетеді,су ішіп ес жиған соң нан берші деп әрең сөйлейді,аш қой өйткені.
0 дауыс
Балабақшада меңгеруші бар, сол адамға шағым жасау керек, нәтиже болмаса, жоғарылай беруге болады. Әрине, алдымен тәрбиешінің өзімен сөйлесу керек.
...