Заң | 240 қаралды
240 қаралды
Өзім зейнеткермін, мені бағып отырған кенже ұлыммен бірге тұрамын. Ол асыраушы деп есептеле ме және осы негізде оның әскерге бармауға құқығы бар ма?

2 жауап

Жас жігіттің әскери қызметті кейінге қалдыруға мүмкіндігі бар. Ол үшін қалалық шақырту комиссиясына өз анасының - өзімен бірге тұратын зейнеткердің жалғыз асыраушысы болып табылатынын растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Сонымен қатар, анасы өз отбасы бар, өзімен бірге тұрмайтын тағы да ұлы бар екенін жасырмағаны жөн. Мерзімді әскери қызметке шақыртуды кейінге қалдыру туралы мәселені облыстық (қалалық) шақырту комиссиясы шешетін болады. 27 жасқа толғаннан кейін оның әскер қатарына шақыртудан босатылуға құқығы бар.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының (әрі қарай - Заң) 16-бабына сәйкес, азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру ҚР Президентінің Жарлығы және ҚР Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi. 18-ден 27 жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады. Осы Заңда айқындалған жағдайларда және тәртiппен азаматтарды әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.

Заңның 35-бабында азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен мынадай негіздер бойынша: 1) отбасы жағдайлары бойынша; 2) білім алуды жалғастыру үшін; 3) денсаулық жағдайы бойынша; 4) басқа да себептер бойынша берілетіндігі көрсетілген.

Отбасы жағдайлары бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру: 1) басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, ҚР аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша аталған отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.

Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi: әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ, әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;
ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері;

әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi);
бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;

өзiнiң асырауында: анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары); ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға;

некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға беріледі.

Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру: 1) білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне; 2) тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндізгі білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған ретте – бiр жоғары оқу орнын аяқтағанға дейiн; 3) жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі.

Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен бiр жылға дейінгi мерзiмге беріледi.

Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру: 1) ауылдық жерде орналасқан білiм беру ұйымдарының орта білімнен кейінгі немесе жоғары педагогтік білiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн оқытушыларына – жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне; 2) тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге – денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне; 3) ҚР Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына – олардың депутаттық өкілеттігi мерзiміне; 4) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға – тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн; 5) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге беріледі; 6) офицерлер құрамының әскери атағын бере отырып, запасқа қойылған азаматтарға отбасы жағдайлары бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуды жалғастыру үшін және басқа да себептер бойынша әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылады.

Заңның 36-бабында бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан:

1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;

2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;

3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған;

4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;

5) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;

6) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері;

7) соттылығы бар азаматтар босатылады делінген.

иә,егер сізді бағатын басқа адам болмаса солай істеуге болады)
118,356 сұрақ
305,199 жауап
153,292 пікір
67,553 қолданушы