ДСҰ-да өзгерістер бар ма?

0 дауыс
303 қаралым
Мен Армения азаматымын, Атырауға жұмысқа орналасқым келеді. ДСҰ-на қатысушы ел азаматтарының жұмысқа орналасу тәртібі Қазақстанның осы ұйымға кіруіне байланысты өзгерді ме? Көші-қон полициясына кеңес алуға жүгінгенмін, бірақ жауап ала алмадым.
Заң

1 жауап

0 дауыс
Қазақстанның ДСҰ-на кіргеніне қарамастан біздің еліміз бен Армения арасында еңбек көші-қоны бойынша жеке келісімге әлі қол қойылған жоқ. Елдің белгілі бір ұйымға кіру туралы негізгі келісімшартынан өзге басқа мәселелерді, атап айтқанда, еңбек көші-қоны, сауда және т.б. мәселелерді реттейтін бірқатар құжаттарға қол қою керек. Мәселен, Қазақстан КО-на кіргеннен кейін Ресей мен Белоруссия азаматтары бір ай тіркеусіз, өкілетті органның келісімінсіз еңбек-келісімшарттарын жасап, біздің республика аумағында бола алады. Мұндай жағдай Армения азаматтарына қатысты қолданыла бастау үшін Армения азаматтарына қатысты ДСҰ шеңберінде жеке келісім қажет.

Ұқсас сұрақтар

127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы