+5 дауыс
Қандай кітіп оқисыз?Өз басым 6-7 кітап бітірдім,Сіз ше? Қызықты кітаптардың аттарын айтыңыздаршы)
10.07.2015 1.6k қаралым
жауаптарыңыз ұнауда(+1) барлық кітапты табуға тырысамын) жалпы кітап оқитын адамдардың барына қуанамын)
Мен осы сұрақтың арқасында талай кітапты біліп алдым. Кітап оқырмандры бары мені де қуантты. Сұрағың өте орынды болды +1

11 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Мен қазір Мұхтар Əуезовтың кітабын алдым. Кінəмшіл бойжеткен деген əңгімесіне келдім. Енді 50 дней до моего самоубийства деген кітапты бастамақпын. Біраз жерін оқыдым қызық сияқты
10.07.2015
ааа айналған тіл бұрмалау оймен мотивтелу
Түсінбедім?
Кінəмшіл бойжеткенді оқыдым менде!!! Өте жақсы жазылған
50 дней қызықты кітап екен)))
Бітірдің ба уже?
Еее 20 күн болыпты ғой жазғаныма))
иә бітірдім))
+3 дауыс
Кеше  Антуан де Сент-Экзюперидің "Маленький принц"  кітабын бастадым... Өзіме ұнады, өте әсерлі.... Осы кітапты оқып біткен соң  Фрэнсис Фицджеральдтің "Великий Гэтсби" кітабын оқымақшымын... киносын көргенмін.. бірақ киносына қарағанда кітабы өте жақсы дейді....
10.07.2015
+2 дауыс
Оқитын кітаптар көп қой, айтар едім, бірінші мынаны айтыңыз, сіззді қандай жанрдағы кітаптар қызықтырады, жас шамаңыз қандай, қазақ әдебиеті ме әлде шет ел әдебиеті ме ұнай ма ... т.б.
10.07.2015
маххабат жайлы болмаса болды:::)
+3 дауыс
Жюль Верн "Таинственный остров". Әлемдік өнер тарихын оқығанды қатты ұнатамын.
10.07.2015
+3 дауыс
Мен "Бақыт пен Мұң" деген кітапты оқып шықтым.
10.07.2015
Авторы кім ол кітаптың
Камал Әлпейісова
+3 дауыс
"Қан мен тер" , "Робинзон Крузо" тағы аң-құстар мен тілдесетін үндіс жайлы кітап бар еді аты есімде жоқ.Бұлардың барлығы бала кезімде мектепте оқыған дүниелерім.Көбінің мазмұны есімде жоқ деседе болады."Сумерки" экранға шығып бастағанда кітабын оқыған соң фильмнің келесі бөлімдерін көргім келмей кетті.Ал Николас Спаркстың "Спеши любить" деген туындысына түсірілген фильміде,кітабыда жақсы әсер қалдырды.Ақ қан(Лейкомия) ауруымен ауыратын қыздың өмірі мен махаббаты туралы.Танысып көруге кеңес берем.
10.07.2015
Спеши любить деген киносын көргенмін. Киносы мен кітабы сəйкес келеді ме?
Робизон Крузоны оқымаған адам жоқ шығар)Қызықты кітап бұрын киносын қайта қайта көретін едім
Сәйкес әрине.Тек діни(христиандық) реңі басымдау кітабында
+3 дауыс
"Үлкен үйдегі үрей" деген кітапты оқыдым соңғы рет.
10.07.2015
+2 дауыс
Бұрын оқитынмын кішкентай кезімде, қазір мүлде қызығушылық жоқ.
10.07.2015
+3 дауыс
Өзіміздің төл əдебиетіміздің біршама туындыларын оқыдым. Ең ұнағаны Ғабит Мүсіреповтың "Ұлпан" романы.
10.07.2015
+2 дауыс
Менің соңғы оқыған кітабым 11 сыныптың әліппесі десең иә) Соңғы оқыған кітабым "Преступление и наказание". Алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын )
10.07.2015
Достоевский өте мықты жазушы мен Идиотын оқимын деп өзім есалаң болып кете жаздағаным бар...
+2 дауыс
Шынғыс Айтыматов мықты жазады, оны бүкіл әлем жоғары бағалаған. Оның Ақ кеме, Қасқырдың апаны, Қызыл алма, сияқты көптеген  шығармалары бар. Өте мықты жазушы.
10.07.2015
Сосын М.Шаханов екуі бірігіп жазған "Шың басындағы аңшының зары" кітабы
"Шынарым менің шырайлым менің" деген повестін оқып көр!
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы