Жасық пікір, жасық ойлар осы жерде бүркелсін,
Өлең деген- ақын ісі, ақын болу үлкен сын,
Шабыт сені жетелейді жарқын үміт жолына,
Өмірге тек мазмұны бар, мұра болар жыр келсін!
Шабыт, ой ғой, сосын мазмұн; керек болар сол ғана,
Зейінсізден ақын шықпас! (ақын болу арман, ә?)
Ең бастысы ұмытылмас шындығыңды қоспасаң-
Жағымпаздық жырларыңмен ұлы өнерді қорлама!