+1 дауыс
492 көрілді
Сұрақ сауалнама алу мақсатында қойылды. Отау құрар алдында екі жастың денсаулығын бірге тексеруден өткізіп алуы керек пе?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қан топтарынан бөлек ер бала да қыз баласы да дәрігерлерге тексеріліп, жыныс мүшелерінде вирус жоқтығына да тексерілгені дұрыс.

Осыдан 1-2 жыл бұрын, бір досым үйленіп әйелі көтеріп басанады. Бірақ баласы дүниеге келген соң, шетінеп кетеді. Досым ұрысып дәрігерлерді сотқа береміз дегенде, дәрігерлер ұрысқан. Себебі досымыз үйленбей тұрып, қыздарға көп барады екен. Содан вирус жұқтырған. Соның салдарынан іштегі бала дұрыс жетілмеген. Одан кейін досымыз өте көп уақыт емделді, өзі вирусты жұқтырғанымен қоймай әйеліне де жұқтырған. Сондықтан келіскен түрде екі жақ та бірге дәрігерге барып қаралып, вирустарға болсын, басқа да тексеруге болсын барып анықтап алғаны дұрыс.

Ал оны естіген бір досым үйленбес бұрын, 3-4 ай бұрын емделіп, тазаланып, саумалы ішіп жүр. Оған простатиттің белгілері бар екен деген диагноз қойылғалы бері, арқасынан - белінен қан алдырып, өзін күтініп емдеп жүр.

Қанша дегенмен ең бастысы дені сау бала демекші, дені сау бала болуы үшін емделіп, таза жүріп, дүниеге дені сау нәресте әкелгеніб арлығына жақсы болмақ.

Сондықтан ауруын жасырған өледі демес, дер кезінде дәрігерге қаралып, емделіп жүрген дұрыс деп санаймын.
Сәлеметсіз бе, Оқырман?! Тұщымды, дәлелді жауабыңызға  рақмет! Жауабыңыз сауалнамаға енгізіледі, сол себепті, сізден осы жерге немесе жекеге аты-жөніңіз бен қызметіңізді суретіңізбен бірге қалдыруыңызды сұрамыз! Осында жекеге немесе мына мекен-жайға жіберуіңізге де болады: [email protected] Республикалық "Ана мен бала" отбасылық журналына жарияланады! Алдын ала рақмет!
+1 дауыс
Әрине керек, ешқандай аурулары жоқ па, жыныстық жағынан бәрі дұрыс па дегендей,

Тексерілген дұрыс болады
Сәлеметсіз бе, Оқырман?! Жауап бергеніңізге рақмет! Жауабыңыз сауалнамаға енгізіледі, сол себепті, сізден осы жерге немесе жекеге аты-жөніңіз бен қызметіңізді суретіңізбен бірге қалдыруыңызды сұрамыз! Республикалық "Ана мен бала" отбасылық журналына жарияланады!
Сәлем,  аты жөнім Тимур Полатов
фотомның не керегі бар
0 дауыс
Ия тексерілуі қажет əсіресе қан топтары. Бұл басты роль ойнайды.
+1 дауыс
Қан топтарын тексерген дұрыс, одан ден-саулығы жақсы балалар туылады. Қазақтар дұрыс жасайды негізі.

 Бір дәрігер досым айтады: Осы әр өзбектің, түріктің  отбасында бір жетіспейтін бала туылады дейді (тіркеуде тұрады ғой дәрігерлерде). Оның себептері: олар өздерінің туыстарының қызына үйленеді, нағашысының қызын алады,жақын бөлесіне тиеді, ағасының баласы,інісінің қызын ала береді, топастар.
Сәлеметсіз бе, Оқырман?! Тұщымды, дәлелді жауабыңызға  рақмет! Жауабыңыз сауалнамаға енгізіледі, сол себепті, сізден осы жерге немесе жекеге аты-жөніңіз бен қызметіңізді суретіңізбен бірге қалдыруыңызды сұрамыз! Республикалық "Ана мен бала" отбасылық журналына жарияланады!

Ұқсас сұрақтар

...