Табиғат | 649 қаралды
649 қаралды

Мынау өсіп тұрған қандай өсімдік, көрген адамдар бар ма? Мойынқұм табиғаты.

5 жауап

Бұл өсімдік мойынқұм өңірінде ғана кездеседі.

Сайсағыз(Hyssopus)[1] — еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде жартылай бұта. Қазақстанда тау бөктерлерінде, өзен жағалауында, қау-бетегелі далалық алқаптарда өсетін 4 түрі бар. Жиі кездесетіні — күмәнді сайсағыз (Hyssopus ambіguus). Оның биіктігі 25 — 40 см, сабағы төрт қырлы, көп бұтақты. Жіңішке жапырағының шеті бүтін, таспа пішінді. Көк, көкшіл түсті гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 4 — 6 мм, күлтелерінің ұзындығы 1 см-дей. Аталығының саны — төртеу. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Тұқымы — үш қырлы жаңғақша. Сайсағыз — дәрілік өсімдік, халық медицинасында оны қақырық түсіруге, тыныс жолдары қабынғанда, сондай-ақ, қолқа демікпесіне, неврозға,стенокардияға, ревматизмге қарсы қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан парфюмерияда пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.
Қайда екенін білмим. Бірақ көргем. Мен қазақстаннан шығып көрмегем. Сондықтан бұл гүл қазақстанда.
Бұл – сұңғыла  өсімдігі. Бетпақдала мен Мойынқұм құмында көктем мезгілінде өсетін өсімдік.Халықтың айтуынша, бұл өсімдіктің тамырын Қытайдан келген азаматтар сатып алып, кейін оны өзімізге дәрі етіп сатады екен. Сұңғыла – Қытай, Тибет медицинасында бауыр ауруларын емдеуге таптырмас дәрілік шөп.
Сұңғыла деген шөп құмның сұңғыласы бұл. Оңтүстіқ Қазақстанның, Қызылорда обылысының шөлейтті жерлерінде көптеп өседі
Бул өсимдикти қасқыржем деп атайды Қарақалпақстан шөлдеринде көп кездеседи
118,273 сұрақ
305,004 жауап
153,298 пікір
67,299 қолданушы