Қызық сұрақтар | 211 қаралды
211 қаралды
Мына психологиялық тестті шешіп өзіңізді қаншалықты сүйетіндігіңіз бағалап көрелік. Жауап жазуды ұмытпаң.

1. Істеген ісіңіз бен айтқан сөздеріңіз үшін жиі өкінесіз бе?

а) өте жиі — 1 балл;
б) кейде ғана — 3 балл.

2. Ақыл-өрісін өзіңізден жоғары санайтын адаммен сөйлесе отырып сіз:

а) одан өзіңізге пайдалы нәрсе алып қалуға тырысасыз — 5 балл;

б) онымен көп сөйлеспеуге тырысып, әңгімені қысқа қайтарасыз — 1 балл.

3.Төменде берілген пікірлерден өзіңізге жақынын таңдаңыз:

а) біреулер үшін толайым табыс әкелген боп көрінген жұмыстарыңыз, негізінен ұзақ уақытқы еңбегіңіздің жемісі — 5 балл;

б) істеген ісіңіздің сәтті шығуы қолайлы жағдайға да байланысты — 1 балл;

в) сізді қиын жағдайдан алып шығатын табандылық пен жолыңыздың болуы емес, жаныңызда сізді жігерлендіріп, жұбататын адамның болуы — 3 балл;

4. Досыңыз қалжыңдап сіздің пародияңызды салды, сіз ондай жағдайда:

а) күлесіз, қуанасыз, себебі пародияға жарайтын қылығыңыз бар — 3 балл;

б) оның бойынан да күлдіргі қылық тауып, қалжыңдауға тырысасыз — 4 балл;

в) ренжисіз, бірақ сыр білдірмеуге тырысасыз — 1 балл.

5. Үнемі асығыс жүресіз, уақытыңыз тапшы сондай-ақ бір ғана адамның күші жетпейтін жұмыстарды қолға алудан қорықпайсыз.

а) иә — 1 балл;

б) жоқ — 5 балл;

в) білмеймін — 3 балл.

6. Құрбыңызға немесе досыңызға иіс су таңдағанда:

а) өзіңізге ұнайтын иісті сатып аласыз — 1 балл;

б) өзіңізге мүлдем ұнамай тұрса да, досыңыздың таңдауына тоқталасыз — 5 балл;

в) жарнамада жүрген иіс суды сатып аласыз — 4 балл

7. Шынайы өмірден мүлдем алшақ, әртүрлі жағ-дайларды елестеткенді ұнатасыз ба?

а) иә — 1 балл;

б) жоқ — 5 балл;

в) білмеймін — 3 балл.

8. Әріптестеріңіз (әсіресе жастар) сізге қарағанда үлкен жетістіктерге жетіп жатқанда сіз содан қуат аласыз ба?

а) иә — 1 балл;

б) жоқ — 5 балл;

в) кейде — 3 балл;

9. Біреулерге қарсы келіп, сөз таластырған сізге ұнайды:

а) иә — 5 балл;

б) жоқ — 1 балл;

в) білмеймін — 3 балл.

10. Көзіңізді жұмып, 3 түрлі түсті елестетуге тырысыңыз:

а) көк — 1 балл;

б) сары — 3 балл;

в) қызыл — 5 балл.

50-38 балл: Өзіңізге көңіліңіз толады әрі өз-өзіңізге деген сеніміңіз жоғары. Өзіңізді өзгелерден биік қойып, өз пікіріңізді білдіріп отырған ұнайды. Жұрттың сіз туралы не ойлайтыны, не айтып жатқаны сізді еш толғандырмайды, алайда сіз де біреулерді сынауға бейім тұрасыз. Сізде балл көп болғандықтан, сізге «Сіз өзіңізді-өзіңіз сүйесіз, бірақ басқаларды сүймейсіз» деген тіркестер сәйкес келеді. Дегенмен сізде бір кемшілік бар: өзіңізге, әрбір ісіңізге өте сақтықпен, байыппен мән бересіз. Біреудің сынын қабылдай алмайсыз. Тіпті осы тест нәтижесі ұнамаса, оқып отырған тестті жоққа шығаруыңыз әбден мүмкін.
37-24 балл. Өзіңізді беске білесіз. Ненің ұнап, ненің ұнамайтынын да жақсы білесіз. Айналаңыздағы адам-дармен қарым-қатынасыңызда да, өзіңізде де қандай қиын жағдай орын алса да, тығырықтан шығар жолды тауып отырасыз. Өзіңізге және айналаңыздағыларға деген қарым-қатынасыңыздың формуласын: «өзіне де, өзгеге де риза жан» деген сөзбен бекітуге болады. Сіздің өз-өзіңізді бағалау деңгейіңіз орташа. Өзіңізді демеп, әрдайым өз-өзіңізге, ең бастысы басқаларға қолдау көрсете алатын жансыз.
23-10 балл. Өзіңізге еш көңіліңіз толмайды. Өзіңіздің жеке тұлғаңызға, болмысыңызға, қабілетіңізге, жетістіктеріңізге, сыртқы түр-сипатыңызға, жасыңызға да риза емессіз. Бұл ойдан жедел арылыңыз! Өзін-өзі сүю жаман қасиет деп кім айтты? Өзіңізді ұнатпағаныңыздан ешкімнің ештеңесі қисаймайды. Сол үшін өзіңізді сүйіп, құрметтеп, жоғары бағалауды қолға алғаныңыз абзал.

7 жауап

Менде 24 балл болды , 2ші типке кіреді екенмін

Сіз болашақ психологсыз-ау, тағы осындай тесттер болса, жақсы болар еді
Жақсы Жауап
Менде 22 балл!!!
Әр адам өзін жақсы көруі керек.Мен өзімді бұрыннан бері жақсы көрем.
32балл болды.Көңілімнен шықты. Рахмет!
Белгісіз
38 балл менде!!!!!!!!"
Үнемі көңілді жүрем, сұрағанға жоқ демим, болды басқа зат жайлы, өзімді жақсы көру деген жайлы да ойлап көрмеппін, ойлағым да келмид. Өзім жайлы ойым төмен болғасын емес бірақ
29. Zhaks eken .
118,557 сұрақ
305,785 жауап
153,304 пікір
68,216 қолданушы