http://www.interfax.kz/?lang=kaz&int_id=quotings_of_the_day&news_id=100
Пияз және сарымсақ тамырларда қанның жүруін арттырады. Пияз және сарымсақтың қан тамыры бітелуі кесірінен болатын қан қысымын және қан холлестеринін түсіруде әсері бар.
КАЛИИ: Қан қысымын төмендетеді, жүрек қағысын реттейді. Өрік, банан, цитрусты жемістерде, балық, жасыл көкөністерде, сүт, фундук және картопта мол болады
МАГНИЙ: Қан қысымын реттейді, сүйек ауруларынан сақтайды. Жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балық және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады.
Какао – қара шоколад, қан айналымын жақсартып, диабеттің алдын алуға қажет. Жапон ғалымдары дәлелдегендей, қара шоколад қатерлі ісіктің дамуына кедергі келтіреді. Сарымсақ – табиғи антибиотик. Жүрек және қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Алма – қандағы холестеринді азайтып, семіздікті болдырмайды. Қан аздыққа қарсы ем-дом ретінде пайдаланады. Қызыл шарап құрамында ресвератрол бар, күшті антиоксидант, жүрек-қан тамырлары ауруына қарсы күреседі, ағзадан еркін радикалдарды ығыстырып, есте сақтау, көру қабілетін жақсартады, ерте қартаюдан сақтайды.