Админге сұрағым бар

+3 дауыс
262 қаралым
Мырза, сіздің сайтыңыздағы кейбір сұрақтардың "желкесін қию" керек сияқты. Себебі, еш мағынасыз, мәнсіз сұрақтар қынадай қаптап кетіпті. Не болмаса, әлгіндей сауалдардың иесіне ескерту жасап тұрсаңызшы. Айтқан тілді алмай, "қуып кеткен" сұрақтарынан тыйылмаса, сіз оны жазалай аласыз ба?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 262 қаралым

2 жауап

+2 дауыс
Дұрыс, толық келісемін!
+2 дауыс
Сізге де, сайттың барлық қолданушысына сайттың оң жағында Сайт ережесімен танысып шығуларыңызды өтінемін. Қазіргі уақытта мен сайттың қолданушыға жеңіл, көрікті сайт қылуға бар уақымты жұмсап жатырмын. Көп жағдайда сұрақ мәтіндеріне уақыт бөле алмай жатырмын. Сіздерге сырт көзге көрінбейтін профилактикалық, сайт мүмкіншілігін толықтыру, қателерді жою секілді жұмыстарды атқарып жатырмын. Мен яғни сайт администраторы ретінде сұрақты өшіріп, қатесі болса өңдеп туралап қоя алатын мүмкіндігім бар. Ондай мүмкіндікті модератор, редактор деп мен таныған адамдар да атқара алады. Егер қолданушы орынсыз, сайттағы адамдардың жеке басына нұқсан келетіндей сұрақ қойып не жауап жазса онда ол сұрақты немесе жауапты жасырып тастап, қолданушының е-мйалына хабарласып түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.  Егер сол қылығын қайта қайталайтын болса, ол қолданушыны құлыптап тастауға болады. Яғни өзінің логинімен кіре алмай қалады. Құлыптап тастау IP адрес арқылы жүргізіледі. Әзірге ондай шараға бара қойған жоқпыз. Бір рет қазақру атты қолданушыға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Тағы түсінбеген сұрақтарыңыз болса, сайттың астындағы Кері Байланыс арқылы маған хат жазсаңыздар тез арада жауап беруге тырысамын.
127,953 сұрақ
322,850 жауап
153,167 пікір
72,957 қолданушы