0 дауыс
2.7k көрілді
Ана жүрегі деген өлеңнің сөзін тауып бере аласыздар ма?

2 жауап

–1 дауыс
Ертеде бір ер жігіт,
Жар іздеп жүрді ау көз тігіп,
Жолықты бір күн сұлуға,
Сәтіне түсіп кезігіп,
Ай менен күндей құлпырған,
Қыз екен жүрген ерігіп,
Сүйгенін сенің шын болса,
Алып кел туған анаңның жүрегін.

Қалғанын өзiң жаз )
Рахмет,басын өзъм де білем!!!!
0 дауыс
Ертеде бір ер жігіт,
Жар іздеп жүрді-ай көз тігіп.
Жолықты бір күн сұлуға,
Сәті де түсіп, кезігіп.
Ай менен күндей құлпырған,
Қыз екен жүрген ерігіп.
«Сүйгенің сенің шын болса,
Алып кел туған анаңның жүрегін», деді-ай өлтіріп.
«Боламын сонда жарың», деп,
Шарт қойды қыз да керіліп.
Анасын қалай өлтірсін,
Қиналды-ау жігіт егіліп.
Махаббат дерті шыдатпай,
Барады жанды кеміріп.
Мүмкін бе болмай анасын құрбанда-ау етті Еліріп, өлтірді жігіт егіліп.
Ала салып жүрегін,
Шапқанда қалды-ау жығылып.
Тасқа да тиіп атының,
Аяғы кетті-ау сүрініп.
Есін жиып қараса,
Жүрек тұр талға ілініп.
Бүлкілдеп ана жүрегі,
Сөйледі сонда тіріліп:
«Айналайын жан балам,
Құладың-ау сен жаман.
Ауырған жоқ па бір жерің,
Сен аман бол, жан балам!»  
Естіген мынау сөздерді,
Егіліп жігіт жылады.
Өткен іске де өкініп,
Өкіріп жерге құлады.  
Айналайын адамдар,
Бәріңнің де анаң бар!
Қаяу салмай көңілге,
Анаға дұрыс қараңдар!
Білсеңіз ана киесін,
Дөңгелек дүние иесін.
Сіздерден сұрар өтініш, Жасамаңдаршы-ай опық іс!
Болмасын әлгі жігіттей,
Орны бір толмас өкініш.
...