0 дауыс
3.1k көрілді
Ауыз бекіткеннен кейін сосын ауыз ашатын кезде айтатын дұғаны ауыз ашып болған соң айтама әлде ашардың алдындама?

7 жауап

+1 дауыс
Қателеспесем, ауыз ашардың алдында да, ашқаннан кейін де оқылатын дұғалар бар. Мағынасына қарайсың ғо.
0 дауыс
Ауыз ашар алдында айтасың дүға тілектеріңді
0 дауыс
Ауыз ашудан бұрын оқисың, сосын су іше бересің
0 дауыс

Ауызашарда


Күн батқаны анық болғаннан кейін алдымен әузу-бисмиллә айтып: «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны білдіреді. Артынша «Йа Раббым, Сен үшін ораза тұттым және Сенің берген ниғметтеріңмен оразамды ашқалы тұрмын. Мені, ата-анамды және барлық мұсылмандарды кешіре гөр» деп айтып, мүмкін болса құрмамен немесе сүт, яки сумен ауыз ашқан жақсы.


Бір-екі жұтымдық нәрсе жегеннен соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл ажр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы:
Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты келді. Иншааллаһ сауап жазылды.

Cілтеме
 

0 дауыс
Ашардың алдында айтады
0 дауыс
Өз басым су ішіп болған соң дұғаны айтамын.Дұғаның ішінде :"Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым........"деген сөзде бар ғой.
Дұғаны ауыз ашардын алдында айтады ғой. Сосын бирак су ішеді
0 дауыс
Кайырлы кун ! Менин сурагым орза устаганда ауыз ашар алдында дарет ала ма?
...