Сіз сөздерді қысқартып жаза аласыз ба?

0 дауыс
795 қаралым
Мен осы күнге дейін және дегенді ж/е деп қысқартып жаза алыппын. Қалған сөздерді толықтай жазуға ұмтылдым. Сол себепті ма талай лекцияларда қалып қоя бердім. Сіздерден сұрайын дегенім өзіңіз қайсы сөздерді қысқартып қолданасыз? Оларды осында жазсаңыз. Толық жазылуын жанына жазып кетсеңіз. Келешекте универге кіріп кетсем пайдасы тиіп қалар.
Қазақ тілі Белгісіз

3 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Және - ні ж/е деп қысқартқанда не ұтасыз, тек қана бір әріп қана қысқартасыз ғой. 

Мысалы мен студент кезімде мынандай әдісті пайдаландым, бірінші жалпы бір пән бойынша қысқартулар (олардың толық жазылуын ұмытып қалмас үшін сол пән дептерінің артына жазып қоятынмын, мысалы философия пәнінен "ф/я- философия, с/я- социология т.б.), 

екінші оқылып жатырған лекцияның тақырыбына байланысты қысқартулар (мысалы элетромагнитизм тақырыбында лекция оқылатын болса ең жиі кездесетін сөздерге қысқартулар жасап, сол жазған лекциямның соңына қысқартулар деп сол лекция бойынша қысқартып жазғандарымды бөлек жазып қоятынмын э/м-электромагнитизм деп).

Сондай системаға үйреніп кеткенім соншалық жұрттың 5-6 бет жазғандары, менің 1 бетіме толмай қалатын болды   

Жақсы әдіс екен. Келеседі өзім сондай бір жүйеге түсуге тырысамын. Рахмет.
0 дауыс
Мектепте апайымыз лекция жазғызып жатқандай тез оқитын соған үлгереміз деп талай сөздерді қысқарттық қой. Бірақ қалай болғанда да өзіме түсінікті бəрі.
Деп аталады - д/а
немесе - н/е
Жəне - ж/е
электрон - эл.
болып табылады - б.т
осындай көптеген сөздер бар еді,есіме түспей тұрғаны. Бұларды жазбаша толық жазып көрмеппін өмірі)
Белгісіз
Мен керісінше оларды қысқартып жазып көрмеппін (ж/е ден тысқары). Рахмет сізге.
Оқасы жоқ)
0 дауыс
Мен сол артынан түсінбей қалып жүрермін деп толық жазуға тырысатынмын. Соның кесірінен қалып қойып, жартысы жазылмай қалатын.
Мен де дәл солай талай қалып қойғанмын .
Сосын қыздармен достасуға тырысам дейсің.
Басқа амал жоқ.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы