0 дауыс
477 көрілді

Бұл фоторепортажда итальяндық БАҚ-та жарияланған туристер пікірлерінің топтамасы беріліп отыр.

Жиналған адам қарасының көптігі алыстан байқалады. Бұл – қазақстандық павильонға кіргісі келген елдің кезегі. Мұндай қалың кезекті мен басқа ешбір жерден кезіктірген жоқпын...

ехпо қазақстан 2015

Жақындап барсаң, әлдебір музыка естіледі. Бұл қазіргі заман ерекшеліктерімен дыбысталып берілген қазақ даласының әуендері дейді ел. Жаңаша және айрықша екен. Маған ұнады...


Кезекте тұрған уақытта біз тамаша адамдармен таныстық. Олардың кейбіреуі Қазақстан жайында біршама білетін болып шықты, тіпті кейбіреуі бұл мемлекетке барып, оны өз көздерімен көрген немесе Интернет бойынша ақпарат қараған екен. Алайда, бір-екі адам Қазақстан жайында мүлдем естімепті, бірақ қалың кезекті көріп, мұнда не болып жатыр деген әуестікпен ішке кіруді хош көрген екен...

Өте аз уақыт ішінде салынған конструкцияның жалпы аумағы – 2396 шаршы метр. Ол өткеннен болашаққа саяхатты білдіретін, бір-бірімен байланысқан аймақтардан тұрады.

ЭКСПО-2017 көрме

Кірген жерде біз дәстүрлі стильде жасалған шағын бөлмеге тап боламыз. Жоғарыда қазақ үйінің басты белгілерінің бірі «Шаңырақ» орналасқан. Ал бөлме керегесі ұлттық белгілермен, оюлармен көмкерілген. Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі негізгі тарихи сәттерді көрсетіп отыратын “show di sand paiting” (құммен салатын) суретші маған ерекше әсер етті...

алма экспо-2017

Экскурсия кезінде елдің екі басты қаласы – Астана мен Алматы туралы жарнамалық видео көруге болады. Қатты әсер ететін роликтер екен. Дәл осы жерде Қазақстанда өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесінің сәулет конструкцияларын көрсететін инсталяциялар орналасқан.

Ғылымға, табиғи байлықтарға, су ресурстарын игеру тақырыбына, ауыл шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылатын жаңа әдістерге және аквамәдениеттің тұрақты дамуына арналған бөлімдер бар...

Павильонда Каспий бекіресі бар аквариум орналасқан. Қара уылдырықты осы балық береді...

Бұл жерде сіз қымыз бен жылқы етінің, сондай-ақ Алматы апортының дәмін көре аласыз... Көрме иелерінің айтуынша, бұл алма түрі жергілікті мақтаныш белгісі екен...

экспо алма

3D-кинозал фильмнің талаптарына жауап беретін динамикалық орындықтармен жабдықталған. Ал кіреберісте мынадай интерактив тақта бар. Өте әдемі.

3D-кинозал

Қазақ мейрамханасында дәмі тіл үйірер ұлттық тағамдарға тапсырыс беруге болады.

Қазақ мейрамханасы

Қазақ мейрамханасы

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...