+1 дауыс
1.1k көрілді
Менің жүрегімде бір жанға деген сағыныш бар... Біздің арамызда тек мөлдір, пәк сезім ғана болған еді... Біз екі-ақ рет кездестік, бірақ содан бері 11 жыл өтсе де мен оны ұмыта алмаймын. Жақында әлеуметтік желіден тауып алдым. Ол да мен секілді отбасылы екен қазір. Оған хат жазуға дәтім жетпейді, тек жұмыста қолым босап кеткен сәтте суреттегі бейнесіне үңіліп, сол аз ғана бірге жүрген сәттер көз алдыма келеді... Менің оған деген сезімім еш көмескіленбепті өзім ойлағандай, оған хат жазайын ба, қалай ойлайсыздар, жай ғана хәлін білуге?

7 жауап

+3 дауыс
Жазбай-ақ қойғаныңыз дұрыс-ау... Отбасылы адамның сезімнен гөрі жауапкершілікті бірінші қойғаны жөн болар.. Өткен күндер өткені үшін ғана әдемі болып аңсатып тұрады. Қайта кездессеңіз де бәрінің дәл бұрынғыдай болуы екіталай..
Сезімнің жетегінде кетіп, отбасылық жауапкершілігімді ұмытатын жаста емеспін, әрине))). Пікір білдіргеніңізге рахмет!
Ол сенің бұрынғы өткен өміріңде әйелің не күйеуің болған болуы мүмкін, жүрек сезеді ғой.

Ондайды айта берсек біз де 100 қызға солай қатты ғашық болып сағынғанбыз. Өмір солай оның бәрі сезім ғой,адам болған соң болыды ондай жағдай.
:)))))), басқа айтарым жоқ, рахмет!!!
0 дауыс
Қал-жағдайын сұрап жазғанның еш әбестігі жоқ
Иә ..... Бірақ дәтім жетпейді...
+2 дауыс
Отбасылы болсаңыз ол адамды әлеуметтік паракшаныздан өшіріп тастаганыз дурыс, жолдасынмен болса жаксы, ал былайнша ондай Сезімдер отбасынызга тек ғана ммешат етеді, және отбасыныңызга деген құрметсiздiк болады !!!
Ол менің әлеуметтік парақшамдағы достарымның арасында жоқ, сезімнің жетегінде кетіп, отбасылық жауапкершілігімді ұмытатын жаста емеспін деген болатынмын, алдыңғы пікірлерді оқысаңыз. Дегенмен, кеңесіңізге рахмет!
+1 дауыс
Біреуді емес бірнеше адамды сағынамын менде.

Ал сізге қатысты айтсам,алдымен ойыма мына өлең жолдары түсті:

Арманым аңсатсаңшы,
Сырымды сен сақташы,
Жылайды жанарымда,
Мөп-мөлдір моншақ тамшы.
Балдәурен тәтті шағым,
Сені іздеп көкке ұшамын.
Жанымнан жырақ кеттің,
Жылытып жат құшағын.(қайырмасында сүймесем сені сәулем,дәл бұлай сағынбас ем деген жерлері бар).

Олда,сізде отбасылы болсаңыздар,оған жазбағаныңыз,мүмкіндігінше суреттерін де қарамағыңыз жөн.Есесіне жарыңызға көбірек көңіл бөлсеңіз,бәрі жақсы болады
Рахмееееет, үлкен! Барлықтарыңыздың айтқыларыңыз келгені, бірінші кезекте адалдықтың ақ жолынан таймау екенін білемін. Сенімдеріңізге селкеу түсірмеймін, бейтаныс достар...
+2 дауыс
Келiншегiмнiң олай жасағанын қаламас едiм.
Иә, өмірлік серігіңе адал болғаныңмен, жүрегіңнің түкпірінде басқа бір адамға деген пәк сезім болуы сатқындық болуы да мүмкін... Бәріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана....
Пендегершiлiк деп, бiле тұра әр нәрсеге ұрына беругеде болмас.
Мен ештеңеге ұрына қойған жоқпын әлі, құдай өзі сақтасын ))))
Әркетiңiз сақтанып жүргенге ұқсамайды.
Тууу, қандайсыз, не деп ойласаңыз да бұл сіздің өзіңіздің жеке пікіріңіз. Мен де өз пікірімде қаламын. Сізге бұдан әрі ештеңе дәлелдеп те, ақталып та жатқым келмейді...
Өз пiкiрiңiзде қалуыңызды бiле тұра, не үшiн бiзден сұрап отырғаныңызды түсiнбедiм. Және шындық әр қашан ащы болған. Сөз көтерiп тыңдай алмайтын адам, мұндай сұрақтардың қоюдың қажетi жоқ шығар. Және ескi шақта қалып кеткен адам үшiн, жүйкеңiздi тоздырып, адамдардың сөзiн есiткенше, күйеуiңiздiң көңiлiн аулағаныңыз игi болар ма едi...
Бәрі зат ойдан басталады сосын. ...  ойламанда.
Сезімдер өткінші отбасы мәңгілік !!!
+1 дауыс
көргендерінен көрмегендері көп бұл жерден сұрама
+1 дауыс
иа 2 жылға жуық бір адамды ұмыта алмай келемін, ұмыта алмағанда қалай.. ұмытқым келмейді өзім де)
...