+1 дауыс
1.0k көрілді
Адам қиындыққа тап болғанда тым әлсіреп кететін жаратылыс қой. Өмірдегі кедергілерге сүрініп құлағанда, қайта тұруға итермелейтін күшті кім (не) береді?  Сондай сәттерде күш-жігерді қайдан аласыз? Қайдан жұбаныш табасыз?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Маған күшті анам береді, көңіл-күйім жоқ болып, бір нәрсені жасай алмай жатсам, әрқашан маған қолдау көрсететін жалғыз анам. Басқа жерде жүрсемде анама бір қоңырау шалып дауысын естісем болды, бір күндік энергия пайда болатын сияқты.
+2 дауыс
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе.

Өмір,өмір! Болмайды түңілуге.

 Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып хақың бар жүгіруге. (М. Мақатаев)
 

Мысалы осындай өлең жолдары адамға күш береді,өмірге деген құлшынысын арттырады.Поэзия - рухани қуат көзі(мен үшін)
0 дауыс
Сиқырлы кітаптардан,  музыкадан, жакындарымнан !!!!
Өзін кайдан аласын ?!
Өткен күндерімнен...
+2 дауыс
Болашағымды, алға қойған мақсаттарымды бір еске алып "істелмеген ісім көп қайғыға жол беруге болмайды" немесе "бұл жай ғана Алланың сынағы ғой" деп өзімді қамшылап жігерленемін.
+1 дауыс
1.намысым жібермейді.

2.барлығы өткінші,түннен кейін күн шығатынын білем.

3.содан ұзағынан отырып ойланам ...салмақтап əрі қарай не істейтінімді шешемін.
0 дауыс
Жанымдағы адамдардың сөздерінен және т.б.
...