0 дауыс
2.5k көрілді

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша, біріншіден: "Теңге" сөзінің түбірі - "тең", орыс тіліне аударғанда "теңге" сөзі - "ровни" болады, сонымен қатар "ровно" сөзінің түбірі - "ров" (выровнить, вырыть ров). "Тең" мен "ров" сөздерінің мағынасына көңіл бөлсек "Тең" сөзі математикаға "ров" сөзіне қарағанда тікелей байланысы бар екеніне көз жеткіземіз.Екіншіден "Деньги" сөзінің түбірі "день" дегендерІ - далбаса. Қазақ тілі жоғарылап кетпесін деп ойдан ойлап тапқанға сенбесін Қазағым. ҚЫСҚАША АЙТҚАНДА МЕНІҢ ОЙЫМ ЕЖЕЛДЕ ОРЫСТАРҒА АҚШАНЫ ЗАТҚА ТЕҢЕП САТЫП АЛУ ҚАРАМА ҚАТЫНАСЫ БІЗДЕН ЖЕТКЕНІ АҚИҚАТ БОЛУЫ КЕРЕКТІГІ.
+2 дауыс
Иа, Жако аға, қатысы бар.Орыстардың деньги сөзі түркі тілінің теңге сөзінен шыққан.Бұл сұрақты гуглге теңге қалай пайда болды десеңіз, жауабын лезде табатын едіңіз. [Мына сайттан][1] тауып алдым.
1991 жылы «дизайнерлердің» арнайы тобы құрылды. Ол арнайы топтың құрамында Меңдібай Алин, Тимур Сүлейменов, Агимсалы Дүзелханов, Досбол Қасымов және Хайрулла Ғабжәлелов сияқты азаматтар болды. Теңгенің алғашқы партиясы Англияда шықса, тұңғыш тиындар Германияда дайындалды.

Алғашқы уақытта мемлекетіміздің валютасын «сом» деп атау жоспарланған. Кеңес тұсында халқымыз рубльді осылай қазақ тіліне аударғаны мәлім. Бірақ та, 1993 жылы Қырғызстанда қырғыз сомы енгізілгеннен кейін, Қазақстан валютасын «теңге» деп атауға шешім қабылданды. Бұл сөз ортағасырлық түрік күміс монетасы «денге» немесе «таньга» атауларынан шықты. Осы сөздерден «деньга» «деньги» атты орыс монетасының атауы пайда болды.

1993 жылы 12 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. Екі жыл өткеннен кейін, 1995 жылы Қазақстанда банкноттық фабрика ашылды.Осы кезден бастап теңге банкнотының дизайны өзгеріп, сонымен қатар, мерейтой банкноттары да басылып шыға бастады.

Осылайша, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған бес мыңдық мерейтой банкноттары басылып шығарылды. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап мың теңгелік атаулы банкноттар пайда болды, 17 қаңтарда жетінші қысқы Азия ойындарына арналған Қазақстанның ұлттық банкі екі мың теңге банкноттарын басып шығарды. 2011 жылдың 25 мамыр күні Ислам Конференциясының Ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған мың теңгелік және 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып он мың теңгелік жаңа валютамыз пайда болды. Сонымен қатар, ақша дизайны да өзгеріп отырды. Республикамызда мерейтойлық және жәдігерлік ақша бірлесіп жүреді. Бұл монеталардың төлем қабілеттілігі бар және монеталар шектеулі таралымда шығарылған. Олар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде коллекциялық құнмен сатуға арналған.


  [1]: http://saryarka-samaly.kz/ekonomika/203-jekonomika/5269-tege-atauy-alaj-pajda-boldy
Жауапқа рахмет мұны кім жақсы жауап деп белгілеген,бұл жауапты мен өзім де тауып ала аламын.Жауап сұрақты қанағаттандыра алмайды.Маған теңгенің қайдан ,қалай шыққаынының кеоегі жоқ.Негізі Гуглден көшіре салған ойсыз жауаптарды жақсы жауап деп белгілемеуді сұраймын.Теңге - деген қазақтың төл сөзі.Бұрынгғы уақыттан келе жатқан"Теңге ілу"- деген ойын,"Теңге тағу"- деген салт соның дәлелдері емес пе.Маған "Теңге" сөзімен "Деньги" сөзінің қандай байланысы бар,неге екеуі екі тілде болғанымен бір заттың атауы.Теңге сөзі Деньгиден шыққан ба,жоқ әлде Деньги сөзі Теңгеден шыққан ба,осы төңіректі анықтайтын жауап керек болып тұр.
+1 дауыс
Керемет сұрақ. Расыменде ойландырады екен адамды. МЕнім ойымша қазақтың біраз сөздегі орыстардын алынған мысалы "самаурын" "самавар" деген сияқты "теңге" де солай аударылса керек.
0 дауыс
ТЕҢГЕ деген сөз қазақтікі, бірақ орыстар ол сөз біздікі, день деген сөзден алынған дейді
0 дауыс
Мен мына жауапқа жақсы жауап белгісін бастым.
...