Кино | 269 қаралды
269 қаралды
Махаббат туралы киноға басты рөлді ойнауға не үшін сұлу қызды таңдайды? сұлу емес қыздар адам емеспа.барлық киноларда солай,әсіресе индияда аппақ қызды тауып алады,оның қасында басқалары қап-қара болып жүреді бұл әділдік па?

9 жауап

Сен режиссер болып қара қызды таңдасашы.
Қара қыздарды кемсітпе,  олор да адам ғой,   неге басты рольдерде ойнауға құқығы жоқ?
Көруге жағымды болуы үшiн.
Жер бетіндегі адамдардың бәрі бірдей! деп әділ сөйлеп жатқандарың қайда кетті?
Ол бизнес, әр адамның көңiлiне қараймын деп, банкрот болғысы келмейдi.
Қазір "фанат" деп айтылып жатады ғой. Әсіресе әдемі актер/актрисалар көрермендерді көп тартып жатады киноға. Жарнамасынан-ақ сол актрисаны н/е актерді көріп, ғашық болып дегендей. Мысалы, "Ф4" сериалын алып қарасаңыз, қарапайым сюжет, көп дорамалардың бірі. Бірақ рейтинг дегенің ұрып тұр.
Себебі сұлу қыз халықтың назарын аударады!
Индиянын қыздарынын бәрі қарағой,тек кинонын алдында макияждап шығарады,одан киноны вспишкамен жарықты түсіреді деп естігенмін.Әдемі қара торы қыздарды тандап алып соларды киноға шығар алдында дайындайды.
Кино үшін әділдіктің керегі жоқ. Ол да индустрияның бір саласы. Өнімнің көрсетілім рейтингін көтеру керек. Ал ұсқынсыз актерлерді ешкімнің көргісі келмейді. Біз кішкентай кезімізде оқыған ертегілердің бәрінде басты рөлдегі жігіт қаһарман, ал қыз ай десе аузы, күн десе көзі бар хас сұлудың өзі ретінде сипатталады емес пе? Адамның жаратылысы солай...
Сұлу емес қыздарды да бір түсіріп қойса,әлемдегі сұлу емес қыздар да бір мәз болып,көңілдері көтеріліп қалмай ма?  олар мен неге сұлу болып туылмадым деп қатты өкінішпен жүр ғой.Бір жағынан кино да шынайы болар еді.
сұлу емес қыздар да киноға түсіп жүрғой,олар талантымен атақты болып жүр.Одан бүрын ешкім өзің әдемі емеспін деп есептемейді,әркім өзінше сұлу.Айтадығой,не бывает некрасивых а бывает неухоженных.Сұлу емес қыздар әдемі киініп макияждың арқасында әдемі болып жүр.
Айта береді жұбаныш ұшін,іштей қатты жабырқап жүреді.Студент кезде көресің ғой енді.бәрі сұлу қыздарды қолпаштап еркелетіп,анау сұлу қыз мастанып адам менсінбейтін деңгейге жетеді да. Мен сонда сұлу емес қыздарды да қолпаштап қоятынмын,сонда да олар ыңғайсызданып қабақтары ашылмай жүретін,тұйықтанып .Менікі проста адамгершілік болатын ол кезде. Ең қиыны анау сұлу қыз ЖОО-ны бітірмей жатып бір пәлеге ұрынатын,байқамай шоқ басып,өз сұлулығын көтере алмады ғой солар.
Кино да  сауданың бір турi товарын сату үшін әдемілеп сатады, әдемі емес қыздарда түседі бірақ ол 2 планда, бірншi планда товарни вид дейма бизнесмендердин тилинде.
Адамды өйтіп екі сортқа бөлген күнә болмай ма?
Бизнесмендер күнә не екенін билмейди, мен бизнесмен емеспен, жамандап жатқан жокпын бизнесмендерге биринши орында пайда !!!
Ақ адам жәй терісі ақ болғаны   үшін сұлу болып саналмайды деп ойлаймын, қара қыздардың да хас сұлулары табылады. Киноны көркемдеп,әсірелеу үшін сол әдемілерін қояды.
Кино адамды тәрбиелейтін нәрсе. Соны білген Ленин киноға көп мән берген. Басты рөлдегі адам әдемі болмаса, халық оны көрмейді. Басты рөлде сұлу қыз болса ол халықты өзіне тартады.
118,121 сұрақ
304,609 жауап
153,303 пікір
66,742 қолданушы