+1 дауыс
99.8k көрілді
Биыл бірінші рет ораза ұстауға ниет етіп, оразаны ешқандай ғұсыл дәрет алмастан бастап кеттим. Қабыл болама, болмайма? алу міндетти ме?

Негізі оған деин де мүлде ғұсыл, дарет дегенді жасамайтын едім.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап


Толық жауапты осы видеодан алуға болады.
+1 дауыс
Оразаны бұзатын нәрселер
Ғылымхал кітаптарында  оразаны бұзатын және кәфарат керек ететін жағдайлар үшін жалпы қағида білдірілген. Азық немесе дәрі ретінде пайдалы бір нәрсе жеп ішу, ләззат беретін нәрсені ауыздан өткізу және жима (әйелімен қосылу) оразаны бұзады. Оразаны бұзатын бұл нәрселер біле тұра жасалса әрі қаза, әрі кәфарат керек болады. Оразаны бұзып әрі қаза, әрі кәфарат керек ететін жағдайлардан біршамасы мыналар:
1-Ораза екенін біле тұра жеп ішу
2-Қан алдыру, ғайбат ету секілді оразаны бұзбайтындығы мәлім нәрселерден кейін оразам бұзылды деп біле тұра ішіп жеу
3-Тамаққа кірген жаңбырды, қарды өз қалауыңмен жұту. Өз қалауыңсыз тамақтан кіретін болса тек қаза керек болады.
4-Темекі шегу
Оразаны бұзатын, тек қаза керек ететін жағдайлар:
1Қателесіп бұзу, мәселен дәрет алғанда тамаққа су кетіп қалуы.
2Тамағына қар және жаңбыр кетіп қалу.
3Зорлап бұздыру.
4Мұрынға сұйық дәрі құю.
5Мұрнына иіссу (адеколон) тарту. (Иіссуды иіскеу оразаны бұзбайды)
6Мұрынға тартылған судың ауыздан шығуы.
7Орнықты кезде бастаған оразасын сапарда бұзу.
8Басқа адам шеккен темекі түтінін өзі қалап иіскеу
9Құлақтың ішіне дәрі тамызу.
10Терідегі жараға жағылған дәрінің ішке кіруі.
11Денеге инемен дәрі егу.
12Қалап, қинап ауыз толтырып құсу.
13Тісі қанаған немесе тісін жұлдырған адам аузындағы қанды жұту немесе түкірікпен бірдей мөлшерде аралас қанды жұту.
14Сәрі уақыты біткенін білмей жеп-ішу.
15Күн батты деп ойлап ауыз ашу.
16Тістердің арасында қалған ноқат үлкендігіндегі нәрсені жұту.
17Ауырған тісін морфий (новокаин) салдырып, жұлдыруға мәжбүр болған адам ораза бұзылғандықтан жеп-ішсе тек қаза етуі керек болады.
18Дәрет алғанда ауызды шайғанда тамаққасу кету.
19Қағаз, тас, мақта, шөп, піспеген күріш сияқты дәрі және азық болмаған нәрсені жұту.
20Талып қалған адамның есін жиғызу үшін немесе ұйықтап жатқан адамның аузына су құю.
21Ораза екенін ұмытып жеген кезде ораза бұзылды деп біле тұра жеуді жалғастыру.
22Рамазанда таңға дейін ниет етпей кейіннен ниет етсе, түстен бұрын немесе кейін оразасын бұзу.
23Мастурбация жасау оразаны бұзады. (Ұйықтап жатып жүніп болу оразаны бұзбайды)
24Тахарат алғанда ішке су кетіп қалуы.
25Теңізге, бассеинге түскенде денеге су кіруі.
26Клизма жасау оразаны бұзады.
27Астма ауруларының дерті қозғанында дәрі спрэй қолданғанында ораза бұзылады. Дәрісіз от тегі газы оразаны бұзбайды. Ауру болмай дәрі спрэй қолданғанда қаза және кәфарат керек болады.
28Әйелдердің және еркектердің дәрі ретінде (свеча) қолдануы оразаны бұзады. Бірақ ғұсылды бұзбайды.
29Аурулардың тіл астына дәрі қойып дәрі қабылдауы, жұтпаса да оразаны бұзады. (Жүрек ауруында сау терінің үстіне жағылып терінің қуыстарынан сүзіліп жүрекке пайдасын тигізетін дәрі, сау терінің үстіне жағылғаны үшін оразаны бұзбайды.)
Бұлардың барлығында ораза бұзылады және айттан кейін бір күн үшін бір күн қаза етеді.

Islamdini.kz
0 дауыс
Ораза айында xайздан кейін ғұсыл дарет алмай ауыз бекітуге бола ма?
0 дауыс
Тунде ғұсыл бұзылып сапасын ышпедым. Сосын түсте турып гусыл алдым ораза устаи беринба? Әлде аузым ашылып кеттыма
...