+3 дауыс
2.5k көрілді

Естеріңізде ма бала кезде ауылда алі пісіп үлгермеген жасыл алманы ағаш басынан жұлып алып, тұзға батырып жейтініміз?????? Тағыда сондай қызықты, еске алатын оқиғаларыңыз болса жазыңыздар достар))))

Піспеген алма мен тұз, Көк алма мен тұз

6 жауап

+3 дауыс
ияяя, балалық шақты ұмыту мүмкінба? Ең қызығы сол ғой. Есейген сайын уайымсыз балалық шағыңды аңсайды екенсің)))
+3 дауыс
Гриль жасаймыз деп тауықты ұстап алғанбыз,өзімізше отқа қақтамақ болдық)Сол әлі күнге есімнен кетпейді.
Сосын басқа тілде сөйлейтін адамдар,ойланғанда қазақша ойланады ма екен деп басым қататын-ды.
+3 дауыс
Балалық шақтан есте қалған бір қызық,адыраспан деген шөптің басында(ұшында) алма тәрізді кішкене бірдеңе болатын,соларды теріп,теріп,құмға көміп кететінмін.Басым жасап тұрғо,күнде суара берсем үлкен алма болады деп ойлағанмын
+2 дауыс
Жаңбыр жауса жаңбырдың астында тұрып айналсақ жаңбыр қояды деп ойлаушы едік. Сөйтіп жаңбыр басылғанша айналып жүре беруші едік. Кейде анамыз ұрсып шақырып алатын.

Жоғарыда құстар ұшып бара жатса отыр екі аласың деп бəріміз жасап жатқан тірлігімізге қарамастан отыра қалушы едік.

Кішкентай кезімде үлкен сары аюды сыйлыққа берген. Жұрттың бəрі кукламен ойнап отырса сол аюымды құшақтап жүруші едім.

Тағы жоғарыдан ұшақтар ұшып бара жатса *самолет вертолет біздің үйге қона кет* деп бүкіл көршінің балаларымен айқайлап көшені басымызға көтеруші едік))

Пороль деген ойын болушы едік. Ақымыз қалғанша көрші команданы аямаушы едік. Поролін айтқанша жанын шығаратынбыз.

Үйіміздің жанында сай болушы еді. Сол сайда қыста түнге дейін сырғанайтынбыз. Шанамен жарысушы едік. Құласақ та қайта тұрып қайта сырғанайтынбыз. Қазір тура сол сайдан кішкентай бауырларымды сырғанатайын десем қорқамын)) сол сайды сатып алғандай басқа жақтың балаларын жолатпайтын едік. Жолап кетсе ұрыс. Тек екі үйдің балалары бірге сырғанайтынбыз.

Пешеходи деген ойын болушы еді. Ешкім жоқ болса екі жағына екі стол қойып өзіміз секіре беретінбіз.

Қайта келмес балалық шаққа қайта барғым келеді. Қазір кішкентайлардың ойынын қарасам тура өзімнің балалық шағым есіме түседі.
Садиктің балаларымен атысатынбыз.олар көп,біз оларды немістер дейтінбіз. Ал біз төртеуміз бір ағам,екі інім, біз совет солдаттарымыз. Атысқанда құмды қағазға орап лақтыратынбыз бомба секілді бұрқ етіп жарылатын.  Сол көк алма әсіресе катюша секілді кетіп жататын,арасында тас та,кесек те кетіп жатады, қорықпаймыз,  арамызда забор шекара бар.Бір кезде бір балаларға тиеді,шыңғырады, оны көрген тәрбиешілер бізді қуып кететін.Біз қашамыз ауылдың сыртындағы алма баққа қарай, 1-2 шақырымға дейін қуатын, біз ұстатпаймыз, сол кезде үлкен көкелер көріп қалып бізді қайтарып, анау тәрбиеші апайды өздері кейііін ертіп келетін,обшым қызық болатын ол кездер.
Хехе көзьалдыма елестеп кетті ғой. Қызықты өтіпті балалық шағыңыз))
+2 дауыс
Оооой жетеді,не болмады ол кездері.Бірақ бұл жерге сыймайды.Опщым ,мұндай бос сұрақ қоюды доғарайықшы,біруақыт!Сайттың сәні кетіп жатыр!
әйтеуір әр сұрақта сен сияқтылар шығады, жақтырмай))
Жақтырмағандық емес,өзің сайттың дамуына үлес қосатын жан болсаң менің ойымды түсінуін керек еді ,босқа редактор боп жүрмеген шығарсың!
Қайта қызық емес па? Сіз əлі балалық шақтан шықпаған сияқтысыз, сондықтан қызық болмас. Ал бізге қызық.
Қызық иә!Балалық шақты қайта әкеле алмайсың,бірақ бұлай бос сұрақ қоймая қояйықта.Блог бөліміне өтіңдер
блогты көбісі қарамайды
+1 дауыс
Менің балалық шағым балық аулаумен өтті, қызығына тоймаппын)
...