0 дауыс
11.5k көрілді
Интерьер деген не? оны кімдер жобалайды

3 жауап

+2 дауыс
Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.

Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменін саны мен өзара ыңғайластырыл олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатынрадиаторлардың, жап-сарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі роль атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.

Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлменің әшекей мен болуын өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.

Пәтер интерьерін қалыптастыру мәселесіне арналған кітаптар шығарылады, журналдарға мақалалар басылады, көрмелер ұйымдас-тырылады, ал көрмелерде осы заманғы пәтер интерьерлерінің макет үлгісі және жиһаздың, жабдықтың, әшекейдің, жабдықтауға қажетті басқа да элементтердің ең жақсы өнеркәсіптік үлгілері көрсетіледі
+1 дауыс

Интерьер стилі өте көп. Базалық түрде: ретро, антикалық, классикалық, модерн, хайтек, өндірістік және т.б. көптеген түрлері бар және пайдаланатын материалдар да табиғи және негізінен химиялық жолмен жасалған жлементтерді қамтиды.

Сізге бір өзім ұнататын интерьер түрін жаза кетейін, ол - гипстен жасалған интерьер элементтері және ол көбіне классикалық интерьерге жарасады. Гиптстің жақсы жағы: күрделі геометриялық оюлар оюға болады, экологиялық таза, көрінісі әдемі және т.б. жақсы жақтары бар.

Гипс лепнинасынан жасалған интерьер элементтерінен құралған дизайн мысалдарын көрсетейін:

Суреттер http://dekodesign.kz/ лепнина из гипса астана сайтынан алынды

+1 дауыс
Үйдің ішкі жобасы интерьер деп аталады
Мәләдес !

Ұқсас сұрақтар

...